Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру -құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (уақытша, бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің демалыс кезеңіне 23.07.2023 ж. дейін), С-О-5 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық инспекциясының және бөлімнің іс-қағаздарын ұйымдастырады және жүргізеді. Облыстық инспекцияның аппаратына электронды пошта, БЭҚЖ арқылы, қолма-қол келген хат-хабарларды тіркейді, қабылдайды. Кіріс хат-хабарларды есепке алуды жүргізеді; инспекция басшысы қарағаннан және қол қойғаннан кейін құжаттаманы облыстық аумақтық инспекцияның құрылымдық бөлімшелеріне жеткізеді. Облыстық аумақтық инспекцияға келіп түскен (бақылауда тұрған) шұғыл құжаттаманы инспекция бөлімдерінің уақытылы орындауын бақылайды Шығыс хат-хабарды тиісті түрде рәсімдейді,  орындалған құжаттарды адресаттарға жолдайды, орындалған құжаттарды бақылаудан алып тастайды. Облыстық аумақтық инспекцияға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау және мерзімнен кешіктірмей жауап беруін бақылайды. Статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша салыстыруды жүргізеді. Әскери комиссариат үшін Қостанай қ. бойынша әскери міндетті қабылданған/босатылған қызметкерлерді есепке алуды жүзеге асырады. Инспекция аппаратында іс мұрағатының жағдайын ұйымдастырады және оған жауапты. Іс-қағаздардың аяқталған құжаттарын қабылдауды, есепке алуды, сақтауды және пайдалануды,  істерді мемлекеттік мұрағатқа сақтауға дайындауды жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына орындаушылық тәртіптің жағдайы туралы ақпаратты жеткізеді; мемлекеттік қызметшілердің белгіленген мерзімдерге сәйкес, тағылымдамадан өтуін, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өтуін  ұйымдастыру;

Аудандық, қалалық аумақтық инспекциялардың инспекция қызметінің мәселелері бойынша уәкілетті органдардың, жоғары тұрған ұйымдардың тапсырмаларын орындауына бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілердің даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруы бойынша жұмысты ұйымдастырады. ҚР АШМ АӨК МИК аудандық және қалалық аумақтық инспекциялардың штаттық, штаттан тыс қызметкерлерін есепке алуды тізімдерді жасау мен жаңарту арқылы жүргізеді. Қатаң есептілік бланкілерінің есепке алуды жүргізеді. Облыстық аумақтық инспекцияның қабылдау бөлмесінде кезекшілікті ұйымдастырады. Фельдъегерлік байланыспен жіберу үшін құжаттарды ресімдейді. Бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.10.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.10.2020 – 26.10.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қостанай қаласы, Л. Беда көшесі, 23а

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7142) 37-40-75, 51-52-61