Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ні цифрландыру департаменті директорының орынбасары, санаты С-2, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2

Орташа лауазымдық айлықақы

204046 - 275719

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  7. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  8. ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  9. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Департамент қызметін үйлестіру; агроөнеркәсіптік секторда мемлекеттің аграрлық саясатын қалыптастыруға, бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу; Министрлік жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; пайдаланушылардың Министрлігінің ақпараттық жүйелерін пайдалануын үйлестіру және ұйымдастыру; ақпараттық технологияларды қолдану және олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру; Министрліктің телекоммуникациялық инфрақұрылымының, серверліқ жабдықтарының, серверлік ғимаратының, IP-телефониясының, компьютерлік жабдықтарының және аұпараттық жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; нормативтік-техникалық құжаттамаларды, техникалық ерекшеліктерді, техникалық өзіндік ерекшеліктерді, техникалық тапсырмаларды, техникалық-экономикалық негіздемелерді, ақпараттық жүйелерді аттестациялау бойынша келісім шарттарды әзірлеуді, келісуді және бекітуді қамтамасыз ету; ақпараттық жүйелерді аттестациялау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру, оның ішінде конкурстық комиссияларда төрағалық ету; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету; агроөнеркәсіптік секторындағы стратегиялық жоспарларды, бағдарламалық құжаттарды келісу; агроөнеркәсіптік кешеніндегі бағдарламалық құжаттарды жетілдіру жөніндегі министрліктер, агенттіктер және облыс әкімдіктерінің ұсыныстарын қарау; Департамент қызметінің бағыттарына жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және Министрдің бұйрықтары жобаларын әзірлеуге қатысу; Департаменттің бюджеттік жоспарлауын, бюджеттік өтінімдерін жасау, үш жылдық кезеңге бюджет жобаларын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; Департаментке тікелей қатысы бар қойылған мақсаттар, міндеттер мен индикаторлар бойынша Министрліктің Стратегиялық жоспарын іске асыруды жүзеге асыру; атқарушылық және қызметтік тәртіпке бақылау жүргізуді ұйымдастыру; Департамент қызметкерлерінің тағылымдамадан өтуіне, көтермелеуіне және тәртіптік жазалануына ұсыныстарды енгізеді; өз құзыреті шегінде Департамент қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.10.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.10.2020 – 19.10.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 555-870