Қаржылық қамтамасыз ету департаменті Бюджеттің орындалуын мониторингтеу, қаржылық және бюджеттік есептілікті шоғырландыру басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалыс кезеңіне 19.02.2019 ж. бастап 01.03.2021 ж. дейін), санаты С-5, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) бюджет заңнамаларын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын орындауына мониторингті жүзеге асыру; бюджеттік бағдарламалардың міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінімді қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберу; Министрліктің тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігін шоғырландыру; өз құзыреті шегінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті іске асыру шеңберінде дайындалған нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарауға қатысу; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппараттық және басқа да кеңестеріне материалдар дайындауды жүзеге асыру; республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді және дамытуға арналған трансферттерді игеру мониторингін жүзеге асыру; бюджеттік қаражатты игеру бойынша кеңестер хаттамаларын дайындау; мынадай есептілік түрлерін жинау, қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жолдау: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есептік деректері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы ай сайынғы есеп; республикалық бюджеттің орындалуы туралы ай сайынғы есеп, инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын орындау бойынша есептілік жасау; Комитеттер, Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер ұсынатын дебиторлық берешектер бойынша бюджеттік есептілікті (тоқсандық, жылдық) жинақтау, алдағы айға республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) күтілетін игерілімі туралы ақпарат; жарғылық капиталды ұлғайтуға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты пайдалану туралы ай сайынғы ақпарат; бюджеттік инвестициялық жобалардың (жыртыжылдық, жылдық) іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау; тиісті қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы талдамалық есеп; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі министрліктермен, «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамымен, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын өз құзыреті шегінде қарастыру; ведомстволық тиістілігі бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығын қалыптастыру (қажеттілігіне қарай жыл ішінде көрсетілген Анықтамалыққа өзгерістер енгізеді); өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі,36
-
анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870