Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 17.08.2020 ж. бастап 27.06.2023 ж. дейін), санаты С-4, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Министр өткізетін кеңестер хаттамаларын (хаттамалық тапсырмаларын) және Министрдің хаттамалық тапсырмаларын немесе қарарын орындау үшін әзірленіп, бекітілген құжаттарды бақылауға қоюды, оларды электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып есепке алуды жүзеге асыру; бақылаудағы тапсырмалар мен құжаттардың орындалуы туралы ақпараттарды жинау және қорыту; Министрдің хаттамалық тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылауды және уақтылы орындалуына мониторинг жасауды жүзеге асыру; Министр өткізетін аппараттық және өзге де кеңестерде қарауға арналған тапсырмалардың орындалу барысы туралы материалдарды дайындауға қатысу; жүйелі негізде бақылаудағы тапсырмалар мен құжаттардың орындалу нәтижелері туралы ақпараттарды дайындауға және жоғары тұрған басшылыққа ұсынуға қатысу; Министрде өтетін аппараттық кеңестерді ұйымдастыруға, хаттамасын жүргізуге қатысу; ЭҚАБЖ жүйесінің деректер базасымен («Бақылаудағы тапсырмалар модулі») жұмыс істеу және Microsoft Word форматындағы мониторинг базасын жүргізу; «Бақылаудағы тапсырмалар бойынша еске салулар» («Бағдаршам») модулімен жұмыс істеу; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі,36
-
анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870