Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ні цифрландыру департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Ветеринария
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақытылы орындалуын ұйымдастыру; басқа мемлекеттік органдар мен мекемелерде Басқарманың, Министрліктің өкілі болуға;  9000 сериялы ИСО стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша іс-шараларды үйлестіру; ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар әзірлеу; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу; мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында құрылымдық бөлімшелердің жұмысын, олардың «e-gov.kz» порталында қолжетімділігін, және де Министрліктің сайтында оларды  алу бойынша ақпаратты үйлестіру; қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу; агроөнеркәсіптік кешенінің нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басым мемлекеттік (ұлттық) бағдарламалары жобаларын, агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды, Басқарманың нормативтік және әдістемелік құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты ішкі құқықтық актілерді келісу және материалдарды, анықтамаларды әзірлеу;   қаржыландыру жоспарына өзгеріс енгізу бойынша Департамент директоры мен директордың орынбасарына анықтамалар мен өтінімдерді әзірлеп, ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; Департамент құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.09.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.09.2020 – 17.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,

e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz