Өсімдіктер карантині басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік, (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 11.07.2019 ж. бастап 21.04.2022 ж. дейін).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Карантиндік объектілердің ошақтарын зерделеу, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылау, пестицидтерді сатып алуға, оларды сақтау және тасымалдау бойынша қызметіне, химиялық өндеу бойынша қызметіне конкурс жүргізуге материалдарды дайындау, сондай-ақ пестицидтерді жеткізу, пестицидтерді сақтау және тасымалдау, химиялық өңдеуді жүргізу жөніндегі шарттардың уақытылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру, өсімдіктер карантині жөніндегі ақпаратты жинау және талдау;  карантинге жатқызылған өнімнің республикалық аралығында орнын ауыстыру жөніндегі іс-шараларды бақылау; өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу және өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты жүргізу; санитариялық және фитосанитариялық шараларды (СФШ) қолдану жөніндегі халықаралық стандарттарды, ДСҰ нормалары мен келісімдерін ескере отырып, мемлекеттік жүйені дамыту; өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеден, шекара, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету, Өсімдіктер карантині саласындағы аумақтық облыстық инспекция жұмыстарын басшылық ету, өсімдіктер карантині мәселелері бойынша мәжілістерге қатысу. Хаттардың уақытылы және сапалы орындалуын, оның ішінде Басқарма құзыретіне кіретін бақылаудағы хаттар, сондай-ақ Комитет басшысының жазбаша және ауызша тапсырмаларын қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 07.09.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.09.2020 – 16.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.09.2020

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

555-885