«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі персоналды дамыту департаменті орынбасары, C-2 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің жүктілік пен босануына байланысты демалысы мерзіміне 2026 жылғы 26 қазанға дейін) (А блогі))

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

   С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1  санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Агроинженерия
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Қаржы
  • Құқықтану
  • Персоналды басқару

Функционалды міндеттер

  1. Департамент басқармаларының қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Прездиенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының актілері мен тапсырмаларының, алқа қаулыларының, Министрдің бұйрықтары мен тапсырмаларының уақытылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  3. Министрліктің ұйымдастыру қызметін регламенттейтін құжаттарды әзірлеуге қатысады;
  4. Персоналды басқару жөніндегі процестерді ұйымдастырады және оларға қатысады;
  5. Персоналды басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
  6. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, комитеттердің, аумақтық инспекциялардың және бағынысты ұйымдардың өзара әрекеттесуін үйлестіреді;
  7. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты қабылданған шектеулерді сақтауын бақылауды жүзеге асырады (қабылданған шектеулерді бұзған жағдайда құқықтық салдарлар туралы хабарлайды);
  8. Министрлік жүйесінде мемлекеттік қызметшілерді іріктеудің және ілгерілетудің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді;
  9. Кадрлардың кәсіби дамуына және мемлекеттік қызметті өткеруіне бақылауды қамтамасыз етеді;
  10. Министрлік жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге, сондай-ақ тәртіптік іс жүргізуді қамтамасыз етуге бақылау жасайды;
  11. Министрліктің ішкі тәртіп қағидаларын сақтайды;
  12. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады;
  13. Департаменттің құзыретіне жататын өзге де тапсырмаларды орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.07.2026 – 03.07.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20mb

Сұхбаттасу күні

08.07.2026

Сұхбаттасу орны

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан, город Астана, улица Мәңгілік Ел, дом 8, Дом министерств, 3 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-518