Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ні цифрландыру департаментінің директоры, C-1 (1 бірлік), (А блогі)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
926784
Жалпы біліктілік талаптары
С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3 (басшылық лауазымдар), C-2,
C-O-1, D-2 (басшылық лауазымдар), D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Информатика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Электроника және телекоммуникация
Функционалды міндеттер
Департамент қызметіне жалпы басшылық жасау, ұйымдастыру және үйлестіру; агроөнеркәсіптік секторда мемлекеттің аграрлық саясатын қалыптастыруға, бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу; агроөнеркәсіптік кешені салаларының мониторингі мен талдауын жүзеге асырудың негізінде оларды дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және мүдделі мемлекеттік органдарға ақпарат беру; агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелерін үйлестіру және мемлекеттік қолдау көлемдері мен мемлекеттік реттеу тетіктерін оңтайландыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; «ИСО: 9001:2009» Қазақстан Республикасы техникалық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша іс-шараларды үйлестіру; Министрлік жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; агроөнеркәсіптік кешені саласында мемлекеттік қызметтерді ұсынудың сапасы және уақытылығын жақсартуды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу; аграрлық және өңірлік саясатты іске асыруда облыстардың, агроөнеркәсіптік секторындағы стратегиялық жоспарларды, бағдарламалық құжаттарды келісу; агроөнеркәсіптік кешеніндегі бағдарламалық құжаттарды жетілдіру жөніндегі министрліктер, агенттіктер және облыс әкімдіктерінің ұсыныстарын қарау; Департамент қызметінің бағыттарына жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және Министрдің бұйрықтары жобаларын әзірлеуге қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kalieva.a@minagri.gov.kz
- 07.07.2026
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Астана қ, улица Мәңгілік Ел, үй 8, 3 кіріберіс
-
8 7172 555-518