Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жер қатынастарын дамыту және жерге орналастыру басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Тау-кен ісі
  • Геодезия және картография
  • Құрылыс
  • Топырақтану және агрохимия
  • Кадастр
  • Бағалау

Функционалды міндеттер

Тапсырмаларды лауазымдық нұсқаулықтарға, Министрлік пен Комитет туралы, Басқарма туралы ережеге, Министрлік регламентіне  сәйкес орындау, жер қатынастары мен жерге орналастыру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге және талдау жүргізуге қатысу; жер заңнамасы нормаларын түсіндіру; бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен Комитеттің қызметіне қатысты өзара байланысты жолға қою; баспасөз-конференциялары мен сұқбат беруді, баспасөз-турларын ұйымдастыру және өткізу,  баспасөз-релиздерін дайындау; Медиа-жоспар әзірлеу; жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға байланысты іс-шаралар туралы ақпараттардың бұқараттық ақпарат құралдарына шығуын қамтамассыз ету; Комитетке қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына шыққан ақпараттарды талдау; министрліктер мен ведомстволардың баспасөз қызметтерімен өзара байланыс жасау; нормативтік-құқықтық актілердің жобасын дайындау және келісу; ақпараттық бет-бейне мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдармен байланыс орнату; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; қоғамдық ұйымдар және қорлармен басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша қарым-қатынас жасау; меморгандарға белгіленген мерзімде есеп дайындау; кіріс-шығыс хат-хабарларын дер кезінде дайындау. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де функцияларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.09.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.09.2020 – 08.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

11.09.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел 8, Министрліктер үйі, 10- кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-23-39