Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Персоналмен жұмыс басқармасының басқарма басшысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
410720
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы үшін персоналды басқару жөніндегі сертификаттың (HR саласындағы сертификаттың) немесе персоналды басқару саласындағы білімі туралы құжаттың болуы талап етіледі.
Функционалды міндеттер
(Блок В-6) Басқарма қызметіне жалпы басшылық ету; еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету; Жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің орындалуын бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Комитеттің кадр саясаты мен кадр стратегиясын әзірлеуге қатысу; ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадр қызметтеріне әдістемелік көмек көрсету; бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстарды ұйымдастыру және өткізуге қатысу; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты Министрлік шешімдерінің ресімделуіне, Мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізуге бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік қызмет өтілін анықтау жөніндегі комиссияның құрылуына және жұмысына қатысу; ұжымда болып жатқан негізгі әлеуметтік процестер туралы ақпарат жинау жүйесін қалыптастырады, ұжымда әлеуметтік-психологиялық ахуалды бақылайды, қызметкерлердің іскерлік, функционалдық, моральдықпсихологиялық қасиеттеріне талдау жүргізеді; аттестаттау комиссиясының, Тәртіптік комиссияның, сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады; аумақтық бөлімшелердің бірінші басшыларын ротациялау бойынша жұмыстарды; Комитеттің мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне уақтылы бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық бөлімшелердің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді; жеке істердің жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштеріне жауап жобаларын дайындау, есептердің уақтылы тапсырылуына бақылау жасау; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулерді сақтауын бақылау; басқарма қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылда; Комитеттің кадр саясаты мен кадр стратегиясын әзірлеуге қатысу; ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадр қызметтеріне әдістемелік көмек көрсету; басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
sailauova.a@minagri.gov.kz
- 26.06.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік ел 8, 3 кіреберіс
-
87172-555-885