Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекция басшысы, C-O-1 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Атырау облысы
688751
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, E-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Инспекция басшысы Инспекцияның қызметіне
жалпы басшылық жүргізеді және Инспекцияға жүктелген міндеттердің
орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапты
болады;
- заңнамаға сәйкес инспекцияның қызметкерлерін лауазымға тағайындайды
және лауазымынан босатады;
- инспекцияның құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін
анықтайды; заңнамамен анықталған тәртіпте, облыстық, аудандық (қалалық)
аумақтық инспекцияларының қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жазаға
тартады; бұйрықтарға, қазынашылық департаментіне қатысты барлық құжаттарға
(келісім-шарттар, өтінімдер, төлем шоттар және т.б.) қол қояды;
- Инспекцияның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, өзінің құзіреті
шегінде аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының құрылтай құжаттарын
бекітеді; облыстық, аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының
қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; заңнамада белгiленген
тәртiпте іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау
(қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және
сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
- өз құзыреті шегінде Инспекцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға
бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
шаралардың қабылдануына жеке жауапкершілік артады;
- Атырау облысы аумағында, ветеринарлық бақылау бекеттерін қоса алғанда
мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды
ұйымдастырады және жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен берілген
өкілеттіктер шегінде Атырау облысы аумағында мемлекеттік ветеринарлықсанитарлық бақылау және қадағалау жүргізу мақсатында орындауға міндетті актiлер
шығарады; ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заң
талаптарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулыларының заңды және жеке тұлғалардың орындалына
мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізеді;
- Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың
жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды
бақылау жасауды және қадағалауды ұйымдастыруды іске асырады;
- жануарлар ауруларын болдырмауға, таралмауына немесе жоюды, алдын
алуды, емдеуді немесе диагностикалауды қоса алғанда бағытталған ветеринарлықсанитарлық іс-шараларды ұйымдастыру, залалсыздандыру (зарарсыздандыру), адам
мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың аса қауіпті
ауруларымен ауырған жануарларды тәркілеп алып жою;
- жануарлардың өнімділігін арттыру; адамдарды жануарлардың жұқпалы
ауруларынан, сонымен қатар жануарлар мен адамға ортақ ауруларынан қорғау
мақсатында жануарлардың өнімдері мен шикізаттарының, азық және азық
қоспаларының, бірдейлендіру рәсімдерін қоса алғанда олардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің орындалуын жүзеге асырады; ветеринарлық-санитарлық
объектілердің қауіпсіздігіне мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және
қадағалауды іске асырады;
- жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуын және олардың азықтан
улануының себептері мен шарттарын анықтайды және белгілейді;
- жануарларды бірдейлендіруді мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау
және қадағалау жүргізуді жүзеге асырады;
- «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабының 1-1
тармағында қарастырылған, ветеринария саласында қызмет көрсететін, бөліп
айтқанда ішкі іс-шараларды орындайтын жергілікті атқарушы органдардың
қызметіне мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жүргізуді
жүзеге асырады;
- Заңды және жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасының ветеринария
саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық
бақылау және қадағалауды ұйымдастырады және іске асырады;
- Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелінген
жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуінен және таралуынан
қорғауды ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көз¬делген тәртіппен техникалық
регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринарлықсанитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;
- Атырау облысы аумағындағы ұйымдарда ветеринария саласында
пайдаланы¬латын жануарлар ауруларының қоздырғыштары штаммдары¬ның
пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына
мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;
- жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен
шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринарлық препарат¬тарды, азық және
азық қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға
қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады;
- өз құзыреті шегінде Инспекцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға
бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
шаралардың қабылдануына жеке жауапкершілік артады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да міндеттерді
орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kultebai.zh@minagri.gov.kz
- 27.05.2026
- Kомитет ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, Есильский район, проспект Мәнгілік Ел, дом 8, 2 подъезд
-
8 (7172) 555-815