Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы Сыртқы өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
305232
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Білім: биология
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Функционалды міндеттер
(Блок А-4) Реттелетін салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Карантин ісі мәселелері бойынша арыз – шағымдарды қарастыру; жұмыс жоспарын құрастыру; ақпараттарды жинау, жеке құжаттаманы жүргізу; дау мәселелері туа қалған жағдайда сарапшы болу. Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантиндік өнімдерге бастапқы карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды өткізеді. Карантиндік өнімнің белгіленген пунктінде екінші мәрте карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды өткізеді. Әкелінетін, шығарылатын және транзиттік өнімдердің карантиндік құжаттарының барын және оның дұрыс рәсімделуін қарайды. Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде және карантиндік өнімнің межелі пунктінде көлік құралдарын, карантинге жатқызылған өнімді, мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау нысандарын қарау, бақылау, карантиндік фитосанитарлық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама, қажет болған жағдайда, залалсыздандыру, жою, сонымен қатар олардың фитосанитарлық сертификатсыз тасымалдау немесе карантиндік фитосанитарлық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тоқтатуды жүзеге асырады. Әкімшілік құқықбұзушылықтар және әкімшілік жазалар қолдану туралы істерді қарау. Өсімдіктер карантині жөніндегі ҚР заңнамасымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, өсімдіктер карантині жөніндегі іс- шаралардың орындалуы бойынша нұсқамаларды береді және олардың орындалуына бақылау жасайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау. Бөлім басшысымен белгіленген басқа міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
sailauova.a@minagri.gov.kz
- 22.05.2026
- Тараз қаласы, Пушкина көшесі 140 Б
-
7(7172) 555-885