Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Талдау мониторинг және цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік), УАМИЦ-4

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Информатика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Білім: информатика
  • Автоматтандырылған ақпарат өңдеу және басқару жүйелері
  • Жасанды интеллект

Функционалды міндеттер

Заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттарды келіседі;балық шаруашылығы және аквашаруашылық саласында ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды құру, енгізу және дамыту мәселелері бойынша
жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады;цифрландыру мәселелері бойынша жаңа бастамаларды енгізу және дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізеді;цифрландыру және цифрлық даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық тәжірибені зерделеуді жүзеге асырады;цифрландыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;балық шаруашылығы және аквашаруашылық саласының цифрлық трансформациясын жүргізуді жүзеге асырады;балық шаруашылығы және
аквашаруашылық саласында цифрландыруды дамытуға жәрдемдеседі; цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс топтарына, кеңесші органдарға және өзге де іс-шараларға қатысады;Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстары,
Министрлік алқаларының отырыстары үшін материалдар қалыптастырады; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қаулыларының, заңдарының және басқа да нормативтік құжаттарының жобаларын қарайды; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, қоғамдық және өзге де ұйымдарда өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің мүдделерін ұсынады;жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін уақтылы қарау және олар бойынша жауаптар жобаларын ұсынады және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жолдайды;Басқарманың мәселелері жөнінде орталық мемлекеттік органдар, Комитеттің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары және ведомстволық бағынысты ұйымдармен хат алмасу, олардың сұрауларына жауап дайындауды қамтамасыз етеді; бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау, басқа мемлекеттік қызметшілердің тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілерінің жолын кеседі;ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мемлекеттік қызметкерлердің этика нормаларын, еңбек және орындаушылық тәртіптерді сақтайды;ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етеді; Комитетте мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсаттарға пайдаланады; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді жүзеге асырады;Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады (Блок А, грейд 6).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.05.2026 – 18.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

20.05.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8/2, б/о АлтынОрда, (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-78-50