Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік), Функционалдык блок «А»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Жамбыл облысы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау; Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу; Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау; Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулылар шығару; Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдарына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы орындау үшін міндетті нұсқамалар беру; Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулар беру; Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына; Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығына; Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына; Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты уақтылы орналастыруына; Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің сауда-саттықты (аукциондарды) және конкурстарды уақтылы өткізуіне; Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына; Жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуіне; Жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, сортаңдануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғап кетуді, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындау; Азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына; Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері уақытша жер пайдалануға берген жерлердің уақтылы қайтарылуына; Бүлінген жерлердің рекультивациялануына; Жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына; Жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылау; Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға; Жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауға; Берілген нұсқамалардың және нұсқаулардың орындалуына бақылау жасау және мерзімінде шаралар қабылдауға; Берілген заңды талаптарды және нұсқамаларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау бойынша мерзімінде ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, сотқа жолдауға; Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру; Департамент мүддесін жер заңнамалары мәселелері бойынша сот процестерінде, мемлекеттік, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдарда қорғау; Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласы бойынша қабылдануы тиіс нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар беру; Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын ескере отырып бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тексерулер жүргізу графигіне мерзімінде енгізу; Жер заңнамалары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселелеріндегі заңнамаларды жетілдіру жөнінде, Департамент басшылығының қарауына бөлім құзыретіне қатысты мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге; Тексерудi Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiзде және тәртiппен қатаң сәйкестiкте жүргiзуге; Тексеру жүргiзу кезеңiнде тексерілетін субъектілердің белгiленген жұмыс режимiне кедергi келтiрмеуге; Тексеру жүргiзу кезiнде тексерілетін субъектiнiң қатысуына кедергi келтiрмеуге, тексеру нысанасына жатқызылған мәселелер бойынша түсiнiктер беруге; Тексеру жүргiзу кезiнде тексерілетін субъектiге тексерудiң мәнiне қатысты қажеттi ақпарат беруге; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің талаптарына сәйкес айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату үшін құжаттарды тиісті органдарға заңмен белгіленген мерзімде жолдау және бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
aitkulova.a@minagri.kz
- Тараз қаласы, 2-ші Қазыбек би бұрылысы, № 26
-
8 (7172)57-45-73, 8 701 520 06 64