«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары, C-2 (1 бірлік) "А" блогі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
688751
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Мал шаруашылығы
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
Функционалды міндеттер
Департамент құзыретіне кіретін мәселелер
бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындалуын бақылау; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы
өнімінің, жемшөп өндірісінің өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға
бағытталған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстарды
мониторингілеу және үйлестіру; сыртқы ұйымдарды, оның ішінде Министрлікке
ведомствалық бағынысты ұйымдарды тарту құқығымен асыл тұқымды мал
шаруашылығы, жемшөп өндірісі, сондай-ақ оның кіші салалары (етті және сүтті мал
шаруашылығы, етті және жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы, қой
шаруашылығы, Шошқа шаруашылығы, Түйе шаруашылығы, марал шаруашылығы,
омарта шаруашылығы, жемшөп өндірісі) саласында стратегиялық құжаттарды,
тұжырымдамаларды, бағдарламаларды, мастер-жоспарларды, даму болжамдарын,
мемлекеттік және өзге де бағдарламалық құжаттарды әзірлеу; мал шаруашылығы
және жемшөп өндірісі саласындағы салалық бағдарламалардың іске асырылу
барысына мониторинг; мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы
заңнаманы жетілдіру; мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісіндегі мемлекеттік
саясаттың тиімділігін арттыру; бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу
нәтижелері туралы, тиісті бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының
игерілуі туралы талдамалық ақпараттың мониторингі; бюджеттік бағдарламаларды
іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл
жасау; Жануарлар лизингінің, кредитінің пайыздық ставкасын субсидиялау
бойынша мониторинг; мал шаруашылығындағы сақтандыруды субсидиялау
бойынша; кеңестер мен өзге де іс-шаралар өткізу үшін мал шаруашылығы және
жемшөп өндірісі саласындағы мәселелер бойынша баяндамалар дайындауға қатысу;
ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарының көрсеткіштерін
және асыл тұқымды мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі саласындағы өзге де
салалық бағдарламаларды әзірлеу және түзету; асыл тұқымды мал шаруашылығы
және жемшөп өндірісі саласындағы субъектілер қызметінің мониторингі; мал
суаруға арналған суландыру құрылыстарының мониторингі. Асыл тұқымды мал
шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімінің, жемшөп өндірісінің өнімділігі
мен сапасын арттыру саласында мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тетіктерін
реттейтін заңнамалық актілерді жетілдіру; асыл тұқымды мал шаруашылығын
дамыту, мал шаруашылығы өнімінің, жемшөп өндірісінің өнімділігі мен сапасын
арттыру саласында қолданыстағылардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ
мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері мен нысандарын енгізу; асыл тұқымды мал
шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы халықаралық байланыстарды
дамытуды және кеңейтуді ұйымдастыру; Департамент қызметінің бағыттарына
қатысты мәселелер бойынша Кеден одағы және Еуразиялық экономикалық одақ
шеңберіндегі ынтымақтастық бойынша кеңестерге, бейнеконференцияларға қатысу.
Департамент құзыретіне кіретін Департамент, Министрлік басшылығының өзге де
тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kalieva.a@minagri.gov.kz
- 27.04.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даң., үй 8, 3 кіріберіс
-
8-7172-555-969