Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары, C-2 (1 бірлік) "Б" блогі

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

   С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1  санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Биотехнология
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Бағалау
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Қаржы
  • Өсімдік шаруашылығы
  • Өңірлік даму

Қосымша талаптар

Технология хранения и переработки зерна, технология консервирования 

Функционалды міндеттер

1. Департамент қызметін үйлестіру.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті кезеңге
арналған даму жоспарында құрылымдық бөлімшеге бекітілген, агроөнеркәсіптік
кешенді дамыту жөніндегі бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды іске
асыруға бағытталған мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді іске асыру бойынша
қажетті шараларды қабылдау.
3. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде мемлекеттің аграрлық саясатын
қалыптастыруға, агроөнеркәсіптік сектордағы стратегиялық және орта мерзімді
жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, агроөнеркәсіптік кешен
салаларын дамыту болжамдарын әзірлеуге қатысу.
4. Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге де жоспарлау
құжаттарын әзірлеуді, іске асыруды және орындалуына мониторинг жүргізуді
жүзеге асыру.
5. Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге де жоспарлау
құжаттарын әзірлеуді, іске асыруды және орындалуына мониторинг жүргізуді
жүзеге асыру.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Қазақстан
Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын және АӨК бөлігіндегі басқа да
құжаттарды әзірлеуге, іске асыруға және түзетуге қатысу.
7. Өңірлердегі агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына мониторинг және талдау
жүргізу.
8. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту көрсеткіштерінің тізбесі бойынша
өңірлердің рейтингін жүргізу.
9. Ауыл шаруашылығы кооперациясын және жеке қосалқы шаруашылықтарды
дамыту мәселелері бойынша нормативтік реттеуді қамтамасыз ету.
10. Тиімді жерге орналастыру және жерді ұтымды пайдалану мәселелерін қоса
алғанда, ауыл шаруашылығы кооперациясын және жеке қосалқы шаруашылықтарды
дамытудың негізгі бағыттарын айқындау және қалыптастыру.
11. Өңірлерді дамыту мәселелері бойынша облыстар мен республикалық
маңызы бар қалалар әкімдіктерімен жұмысты және өзара іс-қимылды үйлестіру.
12. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану тиімділігін
арттыруды ескере отырып, өсудің перспективалық бағыттары бойынша ұсыныстар
әзірлей отырып, өңірлердің дамуы бойынша ақпаратты талдау.
13. Ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығы өнімінің нақты
түрлерін өндіру үшін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлердің мамандануының
ұсынылатын схемаларын әзірлеу.
14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) даму жоспарларын қарау және
келісуге қатысу.
15. АӨК саласындағы әлеуметтік саясат мәселелері бойынша жұмысты жүзеге
асыру.
16. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл
шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту.
17. Министрлік басшылығының өңірлерге жұмыс сапарларына арналған
материалдарды дайындау.
18. Министрліктің жобалық қызметі мен басқару практикасын жетілдіру 
мақсатында мүдделі тараптарды, тәуелсіз сарапшылар мен консультанттарды тарта
отырып, жобалық басқару құралдарын қолдану арқылы Министрліктің
стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін ұйымдастыруды және іске асыруды
қамтамасыз ету.
19. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін жобалық басқару, жобаларды
әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді
үйлестіру және қамтамасыз ету.
20. Министрліктегі жобалық басқару арқылы стратегиялық құжаттарды әзірлеу,
іске асыру және мониторинг жүргізеді.
21. Жобалық басқару мәселелері бойынша облыстардың және республикалық
маңызы бар қалалардың әкімдіктерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды
қамтамасыз ету.
22. Министр бекіткен Министрліктің жобалық басқару шеңберінде іске
асырылатын жобалар тізбесін әзірлеуді және бекітуді, сондай-ақ жобалық
командаларды қалыптастыруды қамтамасыз ету.
23. Тізбеге сәйкес жобаларды әзірлеу, іске асыру және бақылау бойынша
жобалық командаларды әдістемелік және консультациялық сүйемелдеуді
қамтамасыз ету.
24. Бекітілген тізбеге сәйкес Министрлік жобаларының іске асырылуына
мониторинг және бағалау жүргізу.
25. Бекітілген тізбеге сәйкес жобалардың тәуекелдерін іске асыру және
нивелирлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
26. Ұлттық жобалық офиспен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
27. Министрліктегі жобалық басқару тиімділігін арттыру шаралары бойынша
ұсыныстар қалыптастыру.
28. Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша жобалық басқару
арқылы жобаларды әзірлеуді, іске асыруды және мониторинг жүргізуді үйлестіру
және жүзеге асыру.
29. Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан
Республикасы Үкіметінің отырыстарына, Министрлік алқаларының отырыстарына
арналған материалдарды қалыптастыру.
30. Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарында қарау үшін мәселелер
тізбесін қалыптастыру.
31. Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына және Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткізілетін кеңестерге арналған
материалдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Әкімшілігіне енгізуді үйлестіру.
32. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 310 Қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеге
Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар қалыптастыру
және тиісті өзгерістер енгізу.
33. Ауыл шаруашылығы министрінің аналитикалық анықтамаларын,
материалдарын және баяндама тезистерін дайындау.
34. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың
қаулы, заң және басқа да нормативтік құжаттар жобаларын қарау.
35. Департамент қызметінің бағыттарына жататын мәселелер бойынша
Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және Министрдің бұйрықтары жобаларын әзірлеу.
36. 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Стратегиясын
әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
37. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды және ақпараттық қауіпсіздік
жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді
жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.04.2026 – 14.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20mb

Сұхбаттасу күні

16.04.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даң. 8, 3 кіріберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-555-918