Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік), Функционалдық блок "А"

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысына жалпы басшылық жасау және Комитет пен Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, өзге де ұйымдармен өзара тиімді әрекет жасау.

Жер учаскелеріне құқық беру тәртiбiнің, сондай-ақ елді мекен шегінде құрылыс объектілерін салу үшін жер учаскесін беру тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

Жер қатынастары саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

Жердің пайдалануы мен қорғалуы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеруге қатысу.

Жергілікті атқарушы органдардың тәуекел деңгейі критерийлеріне байланысты заңды шешімдер қабылдауын бақылауды жүзеге асыру.

Мемлекеттік жер кадастрының дұрыс жүргізілуін бақылау.

Инженерлiк тұрғыда әзiрленген суармалы жерде дақылдарды кезектестiрудiң белгiленген схемасын ұстану, қажеттi мелиорациялық және қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге, соның iшiнде учаскеде бар суландыру және тоспа-кәрiз жүйелерiн тиiсiнше тәртiппен күтiп-ұстау бойынша жүргізілетін тексеруге қатысу.

Жер заңнамасы саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау.

Жер заңнамасы саласында орын алған бұзушылықтарды жою бойынша әкімшілік жаза қолдану және орындау үшін міндетті нұсқамалар беру.

өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау, сондай-ақ, тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету.

Республика аумағында жер заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау.

Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.04.2026 – 09.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы-8, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172)74-97-26, 8 701 520 06 64