ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекция басшысының орынбасары, C-O-2 (1 бірлік), № Р-5
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
Өз құзыреті шегінде Инспекция қызметін үйлестіреді; Инспекция басшысы болмаған кезеңде Инспекция қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді; реттелетін салада стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге бағдарламалар мен жобаларды іске асырады; жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын тағам өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; жануарлардың аса қауіпті ауруларын жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; жануарлар аурулары бойынша эпизоотиялық мониторингті, ұйымдарда ветеринария саласы бойынша қолданылатын жануарлар ауруларының қоздырғыш штаммдарының тасымалдануына (жеткізуіне), сақталуына, қолданылуына және жойылуына ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігіне, ветеринариялық-санитариялық жағдайға бақылауды және қадағалауды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; шекара және кеден пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды, Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (онын ауыстыру) кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kultebai.zh@minagri.gov.kz
- 09.04.2026
- Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172)555945