Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік), УГЗ-3
Балық шаруашылығы комитеті
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік сатып алу бойынша іс-шараларды жүргізуді іске асырады; Комитеттің бағдарламасы/кіші бағдарламасы бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың алдын-ала, сондай-ақ, жылдық жоспарын әзірлеуді жүзеге асырады; мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін веб-порталда орналастырады; мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізеді, соның ішінде: конкурстар, бағалық ұсыныстар, бір көзден; әлеуетті өнім жеткізіп берушілермен шартқа отыруды қамтамасыз етеді; веб- портал арқылы
әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарастырады; өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелерін әзірлейді; мемлекеттік сатып алудың ішкі аудитінің камералдық бақылауы нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды ресімдеуді (жоюды) жүзеге асырады; мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссия мүшелеріне электронды-сандық қолтаңба дайындайды; мемлекеттік сатып алулар
мәселелері бойынша анықтамалар мен басқа да материалдар әзірлейді, хаттарды қарайды және олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды; ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттардың талаптарын
орындайды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сенілген мемлекеттік мүлікті мұқият пайдалануды, қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру, Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша бұйрықтарды, өкімдерді, тапсырмаларды, жоспарларды және басшылықтың бір реттілік тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау, Комитет және Басқарма басшылығының
басқа да тапсырмаларын орындау (Блок Б, грейд 5).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
bizhanova.a@minagri.gov.kz
- 07.04.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).
-
8(7172)79-58-68