«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Әдеп жөніндегі уәкіл, C-3 (1 бірлік) "Б" блогі

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мемлекеттік саясат

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері
бойынша консультациялық көмек көрсетеді; мемлекеттік қызметшілердің заңдарда
белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді; өзі жұмыс істейтін
мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік
қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және
заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; ұжымда жалпы қабылданған моральдық
әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға
жәрдемдеседі; мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері
бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған
шараларды қабылдайды; мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын
сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады; Уәкілетті органға
есептерді белгіленген уақытта тапсырады; мемлекеттік органға әдеп нормаларына
сәйкес түскен өтініштерге сараптама жасау, ұсыныстар енгізу; түсетін мемлекеттік
органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын
бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы
мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды; мемлекеттік қызметшілер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс
қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық
бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және
мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс
қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және
оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру
мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара
іс-қимыл жасайды; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау
мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты
негізде жүргізеді; заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға
қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің
жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді; қызметтік әдеп нормаларын
бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.03.2026 – 19.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20mb

Сұхбаттасу күні

26.03.2026

Сұхбаттасу орны

город Астана, улица Мәңгілік Ел, дом 8, Дом министерств, 3 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172-555-969