Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Халықаралық қатынастар және цифрландыру басқармасының басқарма басшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 31.12.2026 ж. дейін) С-3 санаты, 1 бірлік, №18-4-1.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биология
  • Халықаралық қатынастар
  • Халықаралық құқық
  • Экология
  • Биотехнология
  • Ақпараттық жүйелер
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Фитосанитарлық қауіпсіздік

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.Басқарма жұмысына жалпы басшылық жасау, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдарды сапалы және уақтылы орындау; өсімдіктер карантині және оларды қорғау, Еуразиялық экономикалық одақ және шет елдермен ынтымақтастық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, сондай-ақ көрсетілген жобаларды уәкілетті органдарда келісуді және оларды түпкілікті қабылдауды қамтамасыз ету; есептерді жинау және талдау, фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша талдамалық ақпаратты дайындау; өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласында, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қабылданған және әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің мониторингі, өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы мемлекетаралық құжаттарды келісу, сондай-ақ өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенциямен, өсімдіктер карантині және оларды қорғау мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдермен ақпарат алмасу және өзара іс-қимыл жасау; өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы заңдарды, заңға тәуелді актілерді, бұйрықтарды әзірлеуге қатысу және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу; стратегиялық бағдарламаларға, өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау, нәтижелер жетістіктерін талдау; жетекшілік ететін салалар бойынша жиынтық есептерді, талдауларды, баяндамаларды және басқа да таныстыру материалдарын дайындауға қатысу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және оларға; халықаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру; ЕАЭО, ТМД, ДСҰ, ШЫҰ және т. б. шеңберіндегі ынтымақтастық жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; Комитетпен реттелетін халықаралық шарттарды әзірлеу. Өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау саласындағы цифрландыру жұмыстарын ұйымдастыру (ақпараттық жүйелерді іске асыру, дамыту, жұмыс барысында пайда болған қателіктермен күресу, интеграциялау).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.03.2026 – 17.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10MB

Сұхбаттасу күні

19.03.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы Мәңгілік Ел даңғылы 8.

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885, sailauova.a@minagri.gov.kz.