ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, "В" функционалдық блогы, C-O-5 (1 бірлік) санаты, № ОАИФО-5
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Ветеринария
- Менеджмент
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштерді қабылдау, уақытылы тіркеу және тиісті орындаушыға орындауға уақытылы берілуін қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу және уақытылы қаралуын қадағалау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мәліметтерді «Е-Өтініш» АЖ-де және «Documentolog» АЖ-де дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ есебінің дұрыс қалыптасуын және уақытылы тапсырылуын қамтамасыз ету; келген және жіберілген корреспонденцияны уақытылы өндеу және тиісті орынға жеткізуді қамтамасыз ету; Инспекцияда мұрағат ісін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады. мұрағатқа келіп түсетін құжаттарды сақтау және сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; құрылымдық бөлімшелерден сақтауға келген, іс жүргізумен аяқталған істер мен құжаттарды қабылдау және тіркеу; іс номенклатураларын әзірлеуге қатысу, істер мен құжаттарды мұрағатқа тапсыру кезінде қалыптасуының және ресімделуінің дұрыстығын тексеру; қолданылып жүрген ережелерге сәйкес сақтау бірліктеріне шифр беру, істерді жүйелендіру және орналастыру, олардың есебін жүргізу; тұрақты және уақытша сақтау мерзім бірліктерінің тізімдеме жинағын, сонымен қатар құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру, сақтау мерзімі өткен материалдарды есептен шығару мен жою үшін актілерін даярлау азаматтарды қабылдау кестесін құру жұмыстарын және азаматтарды қабылдау бойынша есеп беруді ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы заңнамалары шеңберінде басшылықтың басқа тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
maratov.e@minagri.gov.kz
- 17.03.2026
- Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172)555945