ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік), № ОББ-2
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Маңғыстау облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
А функционалдық блогы.
Биологиялық кауіпсіздік бөлімінің бас маманы жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапты болады; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекция құзыреті шегінде ветеринария саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекция басшысының бұйрықтарын, инспекция басшысының орынбасарының, бөлім басшының, Комитеттің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрықтарын және тапсырмаларын өз уақытында және сапалы орындауға; Еңбек тәртібің сақтауға және бөлім мамандары мен еңбек тәртібін сақталуына қадағалау жүргізуге; Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заң талаптарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының заңды және жеке тұлғалармен орындалуына мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуге; Бюджеттік бағдарламамен сатып алынған ветеринарлық препараттардың сақталуына, тасымалдануына (жеткізілуіне) және қолданылуына бақылау және қадағалауды және жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден әкелінетін жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуі мен таралуынан қорғау мақсатында ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды іске асыруға; Жануарлар ауруларын болдырмауға, таралмауына немесе жоюға, алдын алуға, емдеуге немесе диагностикалауға және алдын алуды қосып алғанда, залалсыздандыру (зарарсыздандыру), адам мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауырған жануарларды тәркілеп алып жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыру; адамдар жануарлардың жұқпалы ауруларынан, сонымен қатар жануарлар мен адамға ортақ ауруларынан қорғау мақсатында жануарлардың өнімдері мен шикізаттарының, азық және азық қоспаларының, бірдейлендіру рәсімдерін қоса алғанда, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды қадағалау және бақылауға; Жануарларды бірдейлендіруді мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асыруға; «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабының 1-1 тармағына сәйкес, ветеринария саласында қызмет көрсететін, бөліп айтқанда ішкі іс-шараларды орындайтын жергілікті атқарушы органдардың қызметін мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңнамасында көз¬делген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асыруға; Облыс аумағындағы ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланы¬латын жануарлар ауруларының қоздырғыштары штаммдары¬ның пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асыруға; Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринарлық препарат¬тарды, азық пен азық қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысуға; Жануарларды үшінші елдерден әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында және Қазақстан Республикасы ішілік мал тасымалдау кезінде карантиндеу кезеңінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне қадағалауды жүзеге асырады, есептілігін жүргізуге; Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай ақпараттық жүйелерден, ветеринариялық есепке алу мен есептіліктен; басқа да мемлекеттердің уәкілетті органдарының нотификациялары мен хабарламаларынан,ветеринария жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін,ашық дереккөздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге; Ветеринарлық препараттарды, азық және азық қоспаларын өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды (орын алмастыруды), өткiзудi, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асыруға; Ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастырылуына және орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға; Атқарылған жұмыстар бойынша бөлім басшысына есеп беруге; Ветеринариялық есептіліктерді жүргізеді және тиісті мекемелерге уақытылы жолдануын (ұсынылуын) қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
maratov.e@minagri.gov.kz
- 17.03.2026
- Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс (әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172)555945