Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Заң қызметі департаменті құқықтық сараптама басқармасының басшысы, C-3 санаты "А" блогі

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Мынадай қызметтердің жүзеге асырылуын ұйымдастырады:

1)            Министрліктің нормативтік құқықтық бұйрықтарының  жобаларына сараптама жүргізу;

2)            Министрлік қызметінде туындаған құқықтық мәселелер, нормативтік құқықтық бұйрықтар бойынша қорытындылар дайындауға қатысу;

3)            Министрліктің миссиясын, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету;

4)            агроөнеркәсіп кешен саласындағы нормативтік құқықтық бұйрықтарға мониторинг жүргізуді үйлестіру;

5)            белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарда (сондай-ақ сот және құқыққорқау) және басқа да ұйымдарда Министрліктің мүддесін білдіру;

6)            комиссия және жұмыс топтарына қатысу;

7)            Министрліктің негізгі қызметіне қатысты сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;

8)            Министрлікте жалпыға бірдей құқықтық оқыту;

9)            жұмыс берушінің актілеріне сараптама жүргізу;

10)         Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау;

11)         жедел және дұрыс іс-жүргізуді қамтамасыз ету;

12)         орындаушылық және еңбек тәртібін бақылау;

13)         материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде ұйымдастыру техникасымен, әдебиеттермен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуді;

14)         Басқарма бекітіліп берілген мүліктің тиімді пайдаланылуын бақылау ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.03.2026 – 11.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20mb

Сұхбаттасу күні

13.03.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіріберіс 3

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 555-969