Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмыс бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік) Функционалдық блогы "А"
Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаменті
Ұлытау облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Барлық сатыдағы мемлекеттік органдар мен соттарда департаменттің мүдделерін білдіру және қорғау және жер заңнамасы бойынша талап-арыз жұмыстарын жүргізу; Департамент дайындайтын ережелер, ішкі құжаттар, бұйрықтар, нұсқаулықтар, шарттар және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ көрсетілген құжаттардың жобаларын дайындауға қатысу; Департаменттің бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша департаменттің құқықтық актілері мен құжаттарының жобаларын дайындау; Жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимінің сақталуын, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығын, жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуді оның ішінде жер қойнауын пайдаланушыларға тау кеңдік аймағынан шығып кеткендерді қоса алғанда, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуын жұмыс жүргізеді, азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуын; Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-насихаттық және ағартушылық қызметті жүзеге асыруға жәрдемдесу; Департаментте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды өткізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу; Департамент қызметкерлеріне олардың жұмысына қатысты құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру; Бөлімнің қызметіне қатысты есептерді, анықтамаларды, хаттарды және басқа да қажетті құжаттарды дайындайды, орындайды; Жер заңнамасының нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау; Департаментті жүзеге асыру үшін қажетті бұқаралық ақпарат құралдарымен, дөңгелек үстелдермен, семинарлармен және басқа да іс-шаралармен жұмысты ұйымдастырады және қатысады
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
charipova.a@minagri.gov.kz
- Жезказган қ,, Ғарышкерлер бульвары 15
-
8(7172) 74-97-26