Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Персоналды дамыту департаменті персоналды іріктеу басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) функционал блок Б
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Агрономия
- Мал шаруашылығы
- Агроинженерия
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Аграрлық техника және технология
- Қаржы
- Адам ресурстарын басқару
- Қаржы және кредит
- Еңбек ресурстарын басқару
Функционалды міндеттер
- Персоналды басқару стратегиясын әзірлеуді және оның орындалуын жүзеге асырады;
- Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс өткізу жұмыстарын жүргізеді;
- Мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі шешімдердің рәсімделуін, қызметкерлердің жеке істерін жүргізу мен сақталуын және еңбек кітапшаларына қажетті жазбалардың енгізілуін қамтамасыз етеді;
- Персоналды іріктеу бойынша есептерді уақытылы дайындап тапсыруды жүзеге асырады;
- Лауазымдық жалақыны бекіту мақсатында, Мемлекеттік қызметшілер мен Министрліктің штаттан тыс қызметкерлерінің еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссия шешімдерін рәсімдейді;
- Министрліктің кадрлық қажеттілігін, соның ішінде мамандықтар бойынша, талдау және жоспарлау жұмыстарын жүргізеді;
- Кадрлық құрамды қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асырады және бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс өткізу процесін ұйымдастырады;
- Б корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қойылатын біліктілік талаптарын уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді;
- Бос мемлекеттік лауазымдарға мониторинг жүргізеді және есептерді ұсынады;
- Әскерге міндетті қызметкерлердің әскери есептілігін жүргізеді және есептерді ұсынады;
- Министрлік және комитет қызметкерлерінің ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасына кезекке қоюға арналған өтініштерін жолдау және тіркеу жұмыстарын жүзеге асырады;
- Жоғары тұрған органдарға есептердің уақытылы дайындалуы мен тапсырылуына бақылауды жүзеге асырады;
- Басқарманың құзыретіне қатысты Министрлік басшылығының, Департамент директоры мен оның орынбасарының берген тапсырмаларын уақытылы орындайды;
14.Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының өтініштерімен жұмыс жүргізеді;
- Қызметкерлердің жеке істерін, соның ішінде Е-қызмет ИАЖ жүйесінде (Басқарма басшысының тапсырмасына сәйкес) жүргізуді қамтамасыз етеді;
- Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты қабылданған шектеулерді сақтауын бақылауды жүзеге асырады (қабылданған шектеулерді бұзған жағдайда құқықтық салдарлар туралы хабарлайды);
- Басқарма құжаттарын Министрліктің мұрағатына дайындауды және тапсыруды жүзеге асырады;
- Басқарманың жұмысына байланысты құжаттарды әзірлейді және іс жүргізудің уақытылы әрі дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді;
19.Саяси мемлекеттік қызметшілердің А корпусы лауазымдарына, Комитет төрағаларының орынбасарларына, сондай-ақ Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық департаменттері басшыларына тағайындау (босату) жөніндегі ҚР ПӘ мен ҚР ҮА ұсыныстарды әзірлейді;
20.Президенттік жастар кадрлық резерві өкілдерін жұмысқа орналастыру жұмыстарын ұйымдастырады;
21.Жеке құрам, еңбек демалысы және іссапарлар бойынша бұйрықтарды уақытылы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- Министрлік қызметкерлеріне материалдық көмек пен үстемақылар тағайындау бойынша комиссия шешімдерін рәсімдеуді жүзеге асырады;
23.. Министрліктің орталық аппаратының, комитеттердің және бағынысты ұйымдардың басшылық құрамында жоқ қызметкерлер бойынша ақпаратты дайындауды жүзеге асырады;
24.. Министрлік қызметкерлерінің еңбек кітапшаларына жазбалар енгізу;
- Министрліктің орталық аппараты қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін қалыптасырады;
- Минситрлік қызметкерлеріне қызметтік рұқсаттамалар мен қызметтік куәліктер (ID карта) беруді қамтамасыз етеді;
- ҚР Президенті Іс Басқармасы жанындағы медициналық орталығына қабылданған және жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлердің тізімін жолдайды;
- Ішкі еңбек тәртібі қағидаларының талаптарын сақтайды;
- Функционалдық міндеттеріне сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
- Ақпарттық қауіпсіздік талаптарын жәнеп ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді сақтайды;
- Департамент директоры, Департамент директорының орынбасары, Басқарма басшысының жүктеген, сондай-ақ Департаменттің ережесінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kalieva.a@minagri.gov.kz
- 04.03.2026
- Астана қаласы, улица Мәңгілік Ел, үй 8, 3 кіріберіс
-
87172-555-969