Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаменті евразиялық интеграциялау басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік) функционалдық блок Аальный Блок А

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Биотехнология
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметін бақылау және ұйымдастыру; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақытылы орындалуын ұйымдастыру; ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіру; Дүниежүзілік сауда ұйымына, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуға байланысты материалдарды дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру; визалық қолдау көрсету мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіру; Министрлік басшылығының шет елдерге шығуын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру (іссапарға шығу туралы бұйрықтарды дайындау, қызметтік және дипломатиялық төлқұжаттарды және шығу құжаттарды рәсімдеу, Министрлік басшылығы үшін қонақ үйде тұруға, тәуліктік және көлік шығындарға шетелдік валютада қаржыны алу және оның пайдалану туралы есепті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне беру); Министрлік басшылығының дипломатиялық корпустың өкілдерімен, ресми шетелдік делегацияларымен, шетелдік жеке және заңды тұлғалармен хаттамалық іс-шараларды және кездесулерді дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру; Департамент және Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.02.2026 – 27.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20mb

Сұхбаттасу күні

03.03.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, улица Мәңгілік Ел, үй 8, 3 кіріберіс

Анықтама алу үшін байланыс

87172- 555-969