Жер ресурстарын басқару комитеті Астана қаласының жер ресурстарын басқару департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Астана қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде Департамент мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіру; Пайдаланылмайтын немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыздарды, сондай-ақ Департамент құзыретіне жататын басқа да талаптарды дайындау және сот органдарына енгізу; Заңды күшіне енген сот актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Департамент қызметкерлерінің арасында құқықтық-жалпытанымдық жұмыстарын ұйымдастыру; Департаменттің кадр жұмысын жүргізу (Е-қызмет жүйесінде); «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналастыруға конкурс өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Департамент басшысына қол қойылуына ұсынылатын бұйрық және құқықтық сипаттағы өзгеде құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес дайындау. Қызметкерлердің жеке істерін жүргізу, құрылымдық және басқа да өзгерістерге байланысты қызметкерлердің еңбек кітапшасын қалыптастыру және жаңарту. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды ұйымдастырады, қызметшілерді оқытуды, қайта дайындауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, қызметіне қатысты тиісті есептерді дер кезінде дайындап, тапсырады; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау, сондай-ақ бөлімнің лауазымды тұлғаларымен жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін уақытылы және сапалы қаралуын бақылауды жүзеге асыру;
Департаменттің жалпы жұмысына қатысты жоғары тұрған басшылықтың өкімдері мен тапсырмаларын орындау; Департамент қызметкерлерін іссапарға жіберу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.02.2026 – 13.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

18.02.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, 3 кіреберіс, кабинет 904

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 749627