Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Түркістан облысы бойынша балық инспекция бөлімінің бас маман, санаты C-O-5 (1 бірлік), ОРИПТО-8
Балық шаруашылығы комитеті
Түркістан облысы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Балық шаруашылығы
- Құқықтану
- Экология
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Ветеринарлық медицина
Функционалды міндеттер
Өз құзыреті шегінде балық ресурстарын пайдалану, өсімін молайту және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау, балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу ережелерін сақтау, жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығын жүргізуге арналған келісім шарттарын
орындауын сақтау, инспекция бақылауындағы балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстары және басқада су жануарларын қорғау үшін рейдтік шараларға қатысу. Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылар қызметін тексеруді жүзеге асыру. Бақылау-инспекциялық қызмет бойынша есептерді белгіленген тәртіпте дайындау және ұсыну. Балық қорларын және басқада су жануарларының кадастрына және
мониторингіне мемлекеттік есеп жүргізу. Балық аулауды реттеу, су тарту құрылыстарындағы балық қорының жағдайын ихтиологиялық бақылау, балық ауруларын анықтау балық шаруашылығы су айдындарының және
учаскелерінің төл құжаттарын жүргізу және су тарту құрылыстардың есебін жүргізу. Әкімшілік материалдарды қарау, соттарға қатысу, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша сотқа қатысу. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 208 қаулысымен бекітілген «Балық
шаруашылығын дамыту бағдарламасын» іске асыру мақсатында есептеулер жүргізу. Балық ресурстарына келтірілген залал сомасын есептеу. «Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын» іске асыруда есептеулер жүргізу,
келесі жылдарға бюджеттік өтінімді қалыптастыруды дайындауға қатысу. Инспекцияның бақылауындағы жоғарыда тұрған және басқа да мемлекеттік органдардан түскен құжаттарды, аппараттық кеңестің шешімдерін, іс
шаралар жоспарын, басшылықтың тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау. Басшылық қойған өзге тапсырмаларды орындау. Заңды күшіне енген соттық актілердің орындалуы бойынша шаралар қабылдауды
қамтамасыз ету, сот істерін қарау қорытындыларын талдау және жалпылау бойынша жұмыс ұйымдастыру, сот істерді қарауына қатысу, сондай-ақ өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша мердігерлер шарттық міндеттемелерін орындамау кезінде сотта істі қарауына қатысуды қамтамасыз ету, әкімшілік сот ісіне қатысу, тиісті соттық талқылауға
әкелетін негізгі себептер мен шарттарды анықтау мақсатында Инспекцияның қатысуымен даулар бойынша соттық тәжірибені, талап жұмыстарының жағдайын талдау және айыпты лауазымдық тұлғаларды жауапкершілікке тарту және жою бойынша ұсыныстарды енгізу, Инспекция
әзірлейтін шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен
әзірлеуге қатысады, заңды тұлғалардың Бірыңғай мемлекеттік тізілімінен қызмет етпейтін мемлекеттік мекемелерді алып тастау бойынша жұмысты
жүргізу, инспекцияға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың хаттарын өз құзіреті шегінде қарау, құқықтық мәслелер бойынша, орталық мемлекеттік органдарымен, аумақтық органдарымен, ведомстволық бағынысты мекемелерімен, хат алмасу, сұратуларға жауап дайындауды
жүзеге асыру, инспекция қызметіндегі заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу және инспекцияқызметкерлеріне әр түрлі сипаттағы құқықтық құжаттарды әзірлеу мен рәсімдеу бойынша құқықтық көмек көрсету, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мемлекеттік қызметкерлердің этика нормаларын, еңбек және
орындаушылық тәртіптерді сақтау, заңнамамен көзделген негіздемелер болған жағдайда барлық соттық инстанцияларда Инспекцияның пайдасына
қабылданбаған соттық актілерге арыздану бойынша шараларды уақытылы қабылдау, сондай-ақ белгіленген заңнамалық тәртіпте қадағалау тәртібінде қарсылықты шығару туралы өтінішпен прокуратура органдарына хабарласу. Арнайы дағдылар: балық шаруашылығы саласында тәжірибесі болу, Word, Excel, E-mail бағдарламаларында жұмыс істей білу. (Блок А, грейд 6).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
bizhanova.a@minagri.gov.kz
- 10.02.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).
-
8 (7172) 79-58-68