Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің Құқықтық және құжаттық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік), УПИДО-1

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Журналистика және ақпарат
  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Құжаттану және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Журналистика, қоғаммен байланыс

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүргізеді, өз қызметтерін іске асыру барысында басқармаға қойылған мәселелердің орындалуына жеке жауаптылықта болады; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, депутаттық сауалдардың, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Комитет төрағасының тапсырмаларының орындалуын бақылау ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді үйлестіреді; Комитет әзірлейтін құқықтық актілердің, шарттардың, процестік құжаттардың және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын әзірлейді, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу арқылы әзірлеуге қатысады; келісім шарттардың заңнаманың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді, келісім шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде экономикалық шаралар әсерін қолданады; Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын қарауға, сондай-ақ Үкімет Аппаратында Парламент депутаттары бастама жасаған заң жобаларына немесе Үкімет бастама жасаған заң жобаларына енгізілетін депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларын, Үкімет Аппаратында және Әділет министрлігінде мемлекеттік орган әзірлеушісі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын жұмыс тәртібінде пысықтау кезінде қатысады;Астана қаласынан тыс жерде
орналасқан, өздерінен өкілеттік берілген тұлғалар қатысатын мемлекеттік органдарды қоспағанда, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысады;Комитет қызметінің мәселелері бойынша құқықтық актілерге түсіндірме береді;Комитет
әзірлеген және қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді жүйелі есепке алуды ұйымдастыру; шет елдердің балық шаруашылығы және аквашаруашылығын мемлекеттік қолдауды реттеу шаралары бойынша нормативтік құқықтық базасына мониторинг және талдау жүргізеді; халықаралық интеграция мәселелері бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық базаға мониторинг және талдау жүргізу бойынша үйлестіруді жүзеге асырады;тиісті сот талқылауына алып келген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитеттің қатысуымен даулар бойынша
талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін жартыжылдықта бір реттен сиретпей талдау жүргізу және Комитеттің Төрағасына оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;Комитетте құқықтық мониторинг жүргізу жұмысын үйлестіреді;Үлгі ережеге қоса берілетін алгоритмді сақтай отырып, құрылымдық бөлімшелермен бірге сот актілеріне апелляциялық, кассациялық шағым жасау құқығын келісу туралы сұрау салуды қарау және тиісті лауазымды тұлғаға ұстанымды енгізеді;Комитет қызметі туралы оң қоғамдық пікірді қалыптастырады; Комитеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспарды (бірыңғай, жедел, тақырыптық) әзірлейді;сұхбаттардың, мақалалардың, жобаларын редакциялаудан ақпараттық
материалдардың өткізеді;ақпараттық-анықтамалық материалдардың, баспасөз хабарламаларының электрондық нұсқаларын БАҚ-қа жедел таратады;құрылымдық бөлімшелер, облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары ұсынатын ақпаратты зерделейді және өңдейді; жоғары және орта деңгейлі басшылық құрамның кәсіби және жеке имидждерін ілгерілету мақсатында Комитет қызметі туралы ТВ және радио жобаларды, мақалалар мен жарияланымдарды ұйымдастыру; Комитет жұмысының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізеді; Балық шаруашылығы комитетінің ресми блог платформасын жүргізеді; ресурстарының бірыңғай мемлекеттік платформасында органдардың құрылымдық интернет бөлімше қызметкерлерінің құжаттарды орналастыруына жалпы мониторинг жүргізеді және «Баспасөз қызметі» бөлімін толықтыруды және өзектендірілуін қамтамасыз етеді;Министрліктің жобалық кеңсесі жетекшілік ететін барлық жобалардың уақтылы және сапалы іске асырылуын Басқарманың құзыреті шегінде қамтамасыз ету;еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеуге қатысады;құжаттандыру және құжаттаманы басқару жөніндегі нормативтік-әдістемелік құжаттар әзірлеуді жүзеге асырады; Комитеттің істер номенклатурасын қалыптастыруды жүзеге асырады; құжаттарды сақтауға іріктеп алу және жою мақсатында ведомстволық мұрағаттың және құжаттар құндылығы жөніндегі сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады; құжаттандыру және құжаттаманы басқару консультациялардымәселелері ұйымдастыруды бойынша жүзеге семинарлар мен
асырады;құрылымдық бөлімшелердің бақылаудағы құжаттарды орындау бойынша жұмыстарын
үйлестіреді;алқа қаулыларын, бұйрықтарды, басшылықтың тапсырмаларын, Министрлікте өткізілетін кеңестердің хаттамаларының орындалу мониторингін жүзеге асырады; кіріс хат-хабарларды өңдеуді, оларды қарауды, тіркеуді және есепке алуды, құжаттарды тиесілілігі бойынша басшылыққа жеткізуді және таратуды және оның Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінде жедел өтуін жүзеге асырады;
құжат айналымы бойынша ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептілік жасауды жүзеге асырады; Комитеттің негізгі қызмет бойынша бұйрықтарын тіркеуді жүзеге асырады. (Блок Б, грейд 5).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.01.2026 – 30.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

03.02.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 79-58-68