Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысы жер ресурстарын басқару департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік), Функциональдық блогы "Б"
Батыс Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті
Батыс Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Бөлімнің қызметін ұйымдастыру, басшылық ету, жоспарлау және координациялау;
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі құжаттарды, жер саласындағы стратегиялық даму жоспарларын, мемлекеттік бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағдарламаларының бөлімінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша жоспарларын дайындауды ұйымдастыру; Есепке алу есептілік деректерінің сапасын және уақыттылығын қамтамасыз ету; Департаменттің мүддесін сотта, құқық қорғау органдарында, өзге мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда қорғау; Мемлекеттік қаржылық бақылау және Қазақстан Республикасының заңдылықтары сақталуы мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен және өзге органдармен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету; Заң және нормативті құқықтық акті бойынша анықтама-ақпараттық жұмысты жүргізу; Департамент қызметкерлерінің арасында құқықтық-жалпытанымдық жұмыстарын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге; Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын қамтамасыз ету; Департамент қызметкерлерінің өз міндетін орындалуының заңдылығын сақтауды қамтамасыз етуге құқықтық кеңес беру; Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізу; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді орындайды; Жер заңдылығын бақылау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың, және ұйымдардың өтініштерін қарайды; Бұйрықтардың, өтініш иесінің жауаптарының жобасын дайындағанда келіседі (қол қояды); Соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда (тиісті сенім хат болған жағдайда) департамент мүддесін қорғау; Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда департамент атынан өкілдік етеді; Сот процесіне қатысу.
Тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыруға; Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу; Конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етуге; Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды рәсімдейді; Мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқу нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асыруға; Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етуге; Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады; Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеуге; Уәкілетті органдарға ай сайынғы, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есептерді белгіленген мерзімде сапалы, уақтылы орындауды және жөнелтуді қамтамасыз етуге; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, есепке алуды, өңдеуді, бақылауды және уақтылы жолдауын бақылауды жүзеге асыруға; "Қызмет бабында пайдалану үшін" таратылуы шектеулі құжаттарды тіркейді, бақылайды, мерзімінде орындалуын бақылауға; Ұйымның істер номенклатурасын жасайды, істердің жедел сақталуын және оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырғанға дейін пайдалануды қамтамасыз етеді, құжаттарды дайындап мұрағатқа тапсыруға; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді орындайды;
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
shalaman.f@minagri.gov.kz
- Орал қаласы, Сарайшық көшесі, № 47
-
8 (7172) 74-97-26, 87712437335