Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) функционалдық блогы "Б"

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Белгіленген мерзімде Басқарма басшысының және Комитет басшылығының тапсырмаларын орындайды. Жер кодексіне жер қатынастары саласын цифрландыру шеңберінде және мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қорытындысы бойынша жер учаскесіне құқық беру тәртібін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізуді қамтамасыз ету. Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарау. Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына материалдар дайындау. Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі Ережені бекіту және оған өзгерістер енгізу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Үкіметі үшін, Комитет пен Министрліктің басшылығы үшін ақпараттық талдамалық материалдар дайындау. Комитеттің локальдық желісінің, серверлік жабдығының, компьютерлік және ұйымдастыру техникасының, электрондық үкіметінің, веб-сайтының, ВЕБ-порталының және басқа да ақпараттық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі-МЖК ААЖ) енгізуді ұйымдастыру; бағдарламалық-техникалық кешендер, электрондық жүйелердің жинағы мен кадастрлық ақпараттарды сақтау негізінде МЖК ААЖ жаңғырту, оңтайландыру, сүйемелдеу және дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу; бағдарламалық және техникалық жүйелерді таңдау бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.01.2026 – 29.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел-8 даңғылы, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172)74-97-26