Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті орынбасары, C-2 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

   С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1  санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Биотехнология
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • Өсімдік шаруашылығы

Қосымша талаптар

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: биотехнология, агрономия, топырақтану және агрохимия, әлемдік экономика, азық-түліктің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы, аграрлық техника және технология, өсімдік қорғау және карантин, экономика, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, өсімдік шаруашылығы, мемлекеттік жəне жергілікті басқару, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау

Функционалды міндеттер

3.1. Аграрлық азық-түлік нарықтарын реттеу, органикалық өнім өндіру және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және іске асыру.

3.2.Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және іске асыру.

3.3. Департамент басқармаларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру.

3.4. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге талдау және мониторинг жүргізуді ұйымдастыру.

3.5 Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі мәселелері бойынша Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау.

3.6. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласында шет елдермен ынтымақтастық жүргізу.

3.7. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы және Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді ұйымдастыру және үйлестіру.

3.8. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуді ұйымдастыру және үйлестіру.

3.9. Аграрлық азық-түлік нарықтарын реттеу, органикалық өнім өндіру және техникалық реттеу саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге талдау және мониторинг жүргізуді ұйымдастыру.

3.10. Аграрлық азық-түлік нарықтарын реттеу, органикалық өнім өндіру және техникалық реттеу жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуді ұйымдастыру және үйлестіру.

3.11. Бағдарламалық құжаттарды іске асыруды ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі саласындағы мониторингі мен талдауын ұйымдастыру.

3.12. Бағдарламалық құжаттарды іске асыруды ұйымдастыру, аграрлық азық-түлік нарықтарын дамыту, органикалық өнім өндіру және техникалық реттеу мониторингі мен талдауын ұйымдастыру.

3.13. Аграрлық азық-түлік нарықтарын дамыту, органикалық өнім өндіру және техникалық реттеу мәселелері бойынша Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл.

3.14. Аграрлық азық-түлік нарықтарын реттеу, органикалық өнім өндіру және техникалық реттеу саласында шет елдермен ынтымақтастық.

3.15. Аграрлық азық-түлік нарығы, органикалық өнім өндіру және техникалық реттеу мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы және Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді ұйымдастыру және үйлестіру.

3.16. Аграрлық азық-түлік нарықтарын реттеу, органикалық өнім өндіру және техникалық реттеу саласындағы нормативтік актілерді әзірлеу жөніндегі отырыстарға және кеңестерге қатысу.

3.17. АӨК дамытудың қоғамдық-саяси, әлеуметтік аспектілері бойынша құжаттардың орындалуын жүзеге асыруды ұйымдастыру.

3.18. Департамент құрамына кіретін басқармаға жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды белгіленген мерзімде сапалы орындауды ұйымдастыру

3.19. Министрдің, аппарат басшының, Ауыл шаруашылығы Вице-министрлерінің, департамент директорының тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындауды ұйымдастыру.

3.20. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3.21. Қажет болған жағдайда министрге, аппарат басшысына және ауыл шаруашылығы Вице-министріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратына, жетекшілік ететін мәселелер бойынша Министрліктің алқасына ақпарат пен қажетті материалдарды дайындау.

3.22. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.

3.23. Департамент құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.01.2026 – 27.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20МВ

Сұхбаттасу күні

29.01.2026

Сұхбаттасу орны

город Астана, улица Мәңгілік Ел, дом 8, Дом министерств, 3 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

87172555969, 87752831026