Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті мемлекеттік жер кадастры басқармасының бас сарапшысы, C-4 Функционалдық блогы "А"
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Топырақтану және агрохимия
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Кадастр
- Бағалау
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру. Жер кадастры бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақты бағалауды, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық, агромелиоративтік және басқа да іздестіру жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алуды ұйымдастыру. Жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мәселелерін реттеу.
Жер заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау. Жыл сайынғы Қазақстан Республикасының жер балансын жасауға және қабылдауға, Қазақстан Республикасындағы жерлердің сандық және сапалы жай-күйі туралы жинақ талдау есебін жасауға қатысу. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік жер кадастры жұмысының көлемін анықтауға қатысу. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды өткізуді ұйымдастыру, бюджеттік өтінімдерді ресімдеу, жұмыстарды орындауға шарттар жасау, атқарылған жұмыстарды қабылдап алу. Жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру. Жер кадастрын жүргізу мәселесі бойынша консультативті көмек көрсету. Жер туралы деректерді жинау мен жүйелендіру, зерттеу мен сақтауды жүзеге асыру. Жер-2 нысаны бойынша есептер жасау мен талдау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
abdikarimova.b@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, 3 кіреберіс, кабинет 904
-
8(7172) 74-97-26