Заң қызметі департаменті Құқықтық сараптама басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің нормативтік құқықтық бұйрықтарына жобаларына, сондай-ақ басшылықтың тапсырмасы бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу; Министрлік қызметінде туындаған құқықтық мәселелер, нормативтік құқықтық бұйрықтар бойынша қорытындылар дайындауға қатысу; агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарға құқықтық баға беру; өзге мемлекеттік органдардың, құрылымдық бөлімшелердің құқықтық сипаттағы хаттары бойынша жауаптарды дайындауға қатысу; нормативтік құқықтық бұйрықтарды дайындауға және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен келісуге қатысу; нормативтік актілерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберу бойынша жұмысты ұйымдастыру; нормативтік құқықтық бұйрықтарды немесе құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды әзірлеу немесе әзірлеуге қатысу; министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің заң жобалау жұмыстары жоспарларын және заң жобалары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жекелеген тапсырмаларды қалыптастыруын және орындауын жалпы бақылау, олардың осы бағыттағы қызметіне әдістемелік басшылық жасау және бұл үшін қажетті ақпараттық және құқықтық көмек көрсету; Басқарма құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі,36
-
анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,
e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz