Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және астық, тұқым шаруашылығы саласындағы бақылау функцияларын қамтамасыз ету басқармасының басшысы С-3 санаты, 1 бірлік, №18-8-1.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биология
  • Биотехнология
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Білім: биология
  • Фитосанитарлық қауіпсіздік

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің құрылымдық бөлімшесі Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және астық, тұқым шаруашылығы саласындағы бақылау функцияларын қамтамасыз ету басқармасының басшысы жалпы басшылық етіп, тұқым шаруашылығы саласындағы бақылау функцияларын қамтамасыз етеді; тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады; тұқым шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады; республиканың тұқым ресурсының мониторингiн жүзеге асырады; астық қабылдау кәсіпорындарын олардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне жыл сайынғы тексеруді өткізуге қатысады; ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратады; Басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақталуына жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау; Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.01.2026 – 20.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 MB

Сұхбаттасу күні

22.01.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885