Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы және персоналмен жұмыс басқармасының басшысы С-3 санаты, 1 бірлік, №18-5-1.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне жалпы басшылық ету; еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету; Жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің орындалуын бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Комитеттің кадр саясаты мен кадр стратегиясын әзірлеуге қатысу; ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадр қызметтеріне әдістемелік көмек көрсету; бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстарды ұйымдастыру және өткізуге қатысу; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты Министрлік шешімдерінің ресімделуіне, Мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізуге бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік қызмет өтілін анықтау жөніндегі комиссияның құрылуына және жұмысына қатысу; ұжымда болып жатқан негізгі әлеуметтік процестер туралы ақпарат жинау жүйесін қалыптастырады, ұжымда әлеуметтік-психологиялық ахуалды бақылайды, қызметкерлердің іскерлік, функционалдық, моральдық-психологиялық қасиеттеріне талдау жүргізеді; аттестаттау комиссиясының, Тәртіптік комиссияның, сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады; аумақтық бөлімшелердің бірінші басшыларын ротациялау бойынша жұмыстарды; Комитеттің мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне уақтылы бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық бөлімшелердің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді; жеке істердің жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштеріне жауап жобаларын дайындау, есептердің уақтылы тапсырылуына бақылау жасау; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулерді сақтауын бақылау; басқарма қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылда; Комитеттің кадр саясаты мен кадр стратегиясын әзірлеуге қатысу; ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадр қызметтеріне әдістемелік көмек көрсету; басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, депутаттық сауалдардың, Министрліктің шешімдерінің – алқа қаулыларының, бұйрықтардың, Министрдің, тапсырмаларың уақтылы орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру; бақылау құжаттарын орындау бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру; жоғары тұрған басшылыққа бақылау құжаттарының орындалуы туралы ақпаратты тұрақты негізде дайындау және ұсыну; іс қағаздарын жүргізу және құжаттау мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес құжаттамалық қамтамасыз етудің бірыңғай тәртібін жүргізуді бақылау; кеңестердің хаттамаларын бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру, құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелері бойынша семинарлар мен консультациялар ұйымдастыру; қызметтік хат-хабарларды құжаттау, тіркеу және есепке алу жөніндегі ісшаралардың орындалуын қамтамасыз ету, Комитет қызметкерлеріне тапсырмаларды, оның ішінде басшылықтың бақылау тапсырмаларын, іскерлік құжаттаманы уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақтылы қаралуы мен орындалуына бақылау және мониторингті жүзеге асыру; «E-Otinish» базасының құжаттарын өңдеуге бақылауды жүзеге асыру; электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмысын ұйымдастыру; құжат айналымын қысқарту бойынша талдау және мониторинг жүргізу; келіп түскен хат-хабарларды өңдеудің қысқа мерзімінде ұйымды бақылау; істердің үлгілік номенклатурасын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; директивалық құжаттардың орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Комитет басшылығының азаматтарды қабылдау кестесін және азаматтарды қабылдау бойынша есептерді жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Комитетте мұрағат ісін жетілдіру бойынша практикалық жұмысты ұйымдастырады; «Құжаттардын бірыңғай электрондық мұрағаты» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады; аппараттық кеңестердің хаттамаларын жүргізеді; «Орындаушылық тәртіпті сақтау» бағыты бойынша бағалауды жүзеге асыру; Комитет басшылығына Басқарма қызметінің жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу; Басқарма, Комитет туралы Ережеден туындайтын өзге де міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.01.2026 – 19.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 MB

Сұхбаттасу күні

21.01.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885