Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы С-3 санаты, 1 бірлік, №18-6-1.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысына жалпы басшылық жасау; мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыру бойынша қызметті қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алу бойынша шарттар жасасуды және олардың орындалуын мониторингтеуді қамтамасыз ету; Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комитеттің жоғары тұрған басшыларының директивтік құжаттарының, тапсырмаларының орындалуын бақылау; басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
shynazbek.a@minagri.gov.kz
- 20.01.2026
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
-
87172-555-885