Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің акваөсіруді дамыту басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік), УРА-4

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Балық шаруашылығы
  • Биотехнология
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Ветеринарлық медицина
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий
  • Білім: биология

Функционалды міндеттер

Министрліктің жобалық кеңсесі жетекшілік ететін барлық жобалардың уақтылы және сапалы іске асырылуын Басқарманың құзыреті шегінде қамтамасыз етеді.аквашаруашылықты дамытудың жай-күйін бағалауды
жүргізу қағидаларын әзірлейді; бюджет қаражаты есебінен
аквашаруашылықты дамыту жай-күйіне бағалау жүргізуді ұйымдастырады; аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлейді; аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді; аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізеді; көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттар талаптарының және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының орындалуына мониторинг жүргізеді;көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау
қағидаларын әзірлейді;аквашаруашылық саласында балық өсіру биологиялық негiздеме әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; көл тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттардың үлгілік нысанын әзірлейді;жобаны іске асыру үшін
халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттардың үлгілік нысанын әзірлейді; аквашаруашылық субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын
әзірлейді; тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерін бекітіп беру қағидаларын әзірлейді; аквашаруашылық саласына су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау қағидаларын әзірлейді;көл-тауар және (немесе) тор қоршама
шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және
республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнің тiзбесiн әзірлейді;аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді; балық
аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін аквашаруашылықты жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын
әзірлейді;инвестициялық салымдар кезінде балық
шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді;балық шаруашылығы субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлейді; балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске
асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидаларын және инвесторға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;аквашаруашылық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларды мемлекеттік органдарда келісуге (тіркеуге) қатысады; Басқарма қызметінің саласына кіретін тақырыптар бойынша ғылыми ұйымдардың биологиялық негіздемесін,
ғылыми-зерттеу жұмыстарының есептерін, ұсынымдары мен ұсыныстарын қарайды;аквашаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады
және қатысады; балық өсіру кәсіпорындарының өндірістік қызметін регламенттейтін әдістемелерді, нұсқаулықтарды, ұсынымдарды әзірлеуді ұйымдастырады; аквашаруашылық
саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды ұйымдастырады және қатысады;салалық
бағдарламаларды, Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің даму жоспарын және Комитеттің жұмыс жоспарын әзірлейді; аквашаруашылық дамыту мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар
өткізетін семинарларға, оқыту бағдарламаларына, конференцияларға қатысады; Басқарма қызметінің саласына кіретін мәселелер бойынша Комитеттің бюджеттік өтінімдеріне негіздемелер дайындайды; Басқарма
қызметінің саласына кіретін мәселелер бойынша облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары мен ведомстволық бағынысты
кәсіпорындардың қызметін тексереді; аквашаруашылықты
дамыту мақсатында балық шаруашылығы саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық, ғылыми және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;жеке және заңды тұлғалардың
жазбаша өтініштерін уақтылы қарау және олар бойынша жауаптар жобаларын ұсыну және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жолдайды; Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;түрлері жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның I және II қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады; Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес  аквашаруашылық саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі
бақылауды жүзеге асырады Басқарманың құзыреті шегінде басшылықтың қатысуымен өтетін отырыстарға, кеңестерге материалдар дайындайды; Комитет басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар, халықаралық және өзге де ұйымдар өткізетін кеңестердің, отырыстардың,
семинарлардың, конференциялардың жұмысына қатысады; жұмысты ұйымдастыру мақсатында өз құзыреті шегінде бұйрықтар әзірлейді және қабылдайды; Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, өзге де орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің және Комитет төрағасының актілері мен тапсырмаларын тиімді және уақтылы орындайды; аквашаруашылық саласында іске асырылатын және жоспарланатын инвестициялық жобаларды
үйлестіру мен мониторингті іске асырады;Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, қоғамдық және өзге де ұйымдарда өз өкілеттіктері шеңберінде Комитеттің мүдделерін ұсынады; бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау жөнінде шаралар
қабылдайды;сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау, басқа мемлекеттік қызметшілердің тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілерінің жолын кеседі;Комитетте мемлекеттік меншіктің сақталуын
қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдаланады;ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптарын орындау бойынша
міндеттемелерді жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де  функцияларды жүзеге асыруға міндетті (Блок А, грейд 6).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.01.2026 – 14.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

16.01.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

 8 (7172) 79-58-68