Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Персоналды дамыту департаменті персоналды дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 1 қазанға дейін)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Мал шаруашылығы
- Агроинженерия
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Аграрлық техника және технология
- Адам ресурстарын басқару
- Қаржы және кредит
- Еңбек ресурстарын басқару
- Персоналды басқару
Функционалды міндеттер
- Басқарма басшысы мен Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша негізгі міндеттерді орындайды;
- Персоналды басқару стратегиясын әзірлеуді жүзеге асырады және оның орындалуына мониторинг жүргізеді;
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін әзірлеуді жүзеге асырады және оларды бекітуге енгізеді;
- Министрліктің орталық аппаратының құрылымын әзірлеуді жүзеге асырады және бекітуге ұсынады;
- Министр, вице-министрлер мен Аппарат басшысы арасындағы міндеттер мен өкілеттіктерді бөлуді, Министрлікте құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік етуді және өзара алмастыруды әзірлеуді жүзеге асырады және бекітуге ұсынады;
- ҚР Президенті Әкімшілігіне Министрліктің Аппарат басшысының тындауы бойынша құжаттардың жинақталуы мен қалыптастыруын қамтамасыз етеді;
- «Мемлекеттік органның ұйымдық дамуы» блогының «Персоналды басқару» бағыты бойынша Министрліктің қызметіне баға береді;
- Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуіне қатысты материалдарды қалыптастырады;
- Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған адамдарға тәлімгерлік жұмысын қамтамасыз етеді;
- Министрліктің орталық аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің, комитет төрағалары мен олардың орынбасарларының, Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітуге енгізеді.
- Министрлік жүйесіндегі ротацияға мониторинг жүргізеді және ротацияланатын қызметкерлер бойынша материалдар дайындайды;
- Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау бойынша материалдарды уақтылы әзірлеуді және есептерді тапсыруды жүзеге асырады;
- Үстеме жұмысқа тарту және демалыс күндері жұмыс атқару туралы бұйрықтарды уақытылы әзірлеуді және мониторинг жүргізуді жүзеге асырады;
- Икемді жұмыс уақыты режимі бойынша бұйрықтарды уақытылы әзірлеуді жүзеге асырады;
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп функционалдық шолудың қорытындысы бойынша қорытындыны дайындауды жүзеге асырады;
- Кадрлардың ауыспалылығы бойынша есептерді, сондай-ақ статистикалық есептерді жоғарғы органдарға уақтылы әзірлеуді және тапсыруды жүзеге асырады;
- Басқарманың құжаттарын Министрліктің мұрағатына әзірлеуді және тапсыруды жүзеге асырады;
- Басшылар мен мамандардың атқарып отырған лауазымдарына біліктілігінің сәйкестігін айқындау жөніндегі аттестациялық комиссия жұмысының ұйымдастырылуын жүзеге асырады;
- Басқарманың жұмысына қатысты құжаттарды дайындайды, іс жүргізуді жедел әрі дұрыс жүргізуді қамтамасыз етеді;
- Басқарманың құзыретіне қатысты құжаттарды, тапсырмаларды және басшылардың нұсқауларын уақтылы әрі сапалы орындайды;
- Бағынысты ұйымдардағы Бірыңғай кадрлық жүйеде жұмысты жүргізуді және үйлестіруді қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының өтініштерімен жұмыс жүргізеді;
- Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- Қызметкерлерді мемлекеттік, ведомстволық, министрліктің марапаттарымен наградтау жөніндегі құжаттарды әзірлеуді және орындауды жүзеге асырады;
- Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуіне қатысты материалдарды қалыптастырады;
- Ішкі еңбек тәртібі қағидаларының талаптарын сақтайды;
- Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді сақтайды;
- Департамент директоры, Департамент директорының орынбасары және Басқарма басшысы жүктеген, сондай-ақ Департамент туралы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Жарияланған күні: 08.01.2026
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
09.01.2026 – 13.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады
kadry.msh@minagri.gov.kz
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20МВ
- 15.01.2026
- город Астана, улица Мәңгілік Ел, дом 8, Дом министерств, 3 подъезд
-
87172555969, 87752831026