Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары, C-O-2 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Құқықтану
- Геодезия және картография
- Топырақтану және агрохимия
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Жерге орналастыру
- Кадастр
Функционалды міндеттер
Департаменттің ағымдағы және болашақтағы міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету; Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру; Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша Департаменттің құзіретіне сәйкес жұмысын үйлестіру; құзіретіне сәйкес құқықтық нормативтік аткілерді әзірлеу және бекіту; Ведомстваның дамуына ұсыныстар енгізу; сыбайлас жемқорлықты болдырмау; Департаменті басшысының тапсырмаларын уақытылы орындау;Департамент функцияларын лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асыру;жердің пайдаланылуы мен қорғауын мемлекеттік бақылауын жүзеге асыру, мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі дұрыс жүргізілуінің мемлекеттік бақылауын жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы міндетті нұсқамалар беру,Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарының бұзылуын болдырмау; осы Кодекстің 94 бабының 2 тармағының үшінші бөліміне сәйкес жер учаскесіне құқық ауыртпалығын белгілеу үшін Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жіберу және Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы қаулыны беру және оның тоқтатылуын хабарлау, жер заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарау; Осы Кодекстін 148 бабының 1 тармағының 4 тармақшасында келтірілген сұрақтар бойынша шағымдарды дайындау және сотқа жіберу; мақсаты бойынша пйдаланылмаған және игерілмеген немесе Қазақстан Ресупбликасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерін анықтау және алып; құрылысты,пайдалы қазба кен орнын игеруді, объектілерді пайдалануды, геологиялық барлауды және өзге де жұмыстарды, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, белгіленген жер пайдалану режимін бұза отырып жүргізілсе тоқтату, сондай-ақ егер бұл жұмыстар сарапатамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге ұсыну; осы Кодекстің 92 және 93 баптарына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойған адамдар туралы мәліметтерді орталық органға табыс ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
mazhitova.s@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел-8, 3 кіреберіс
-
8 (7172)74-97-26