Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржылық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік сатып алу және шаруашылық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің демалысы мерзіміне 2026 жылғы 1 қазанға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Қаржы және кредит
  • Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау
  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

3.1. Министрліктің орталық аппараты бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу шараларын жүзеге асыруға белгіленген тәртіпте қатысады.

3.2. Департаменттің тиісті бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламалары) бойынша тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің номенклатураларын әзірлейді.

  3.3. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін құжаттар дайындайды.

3.4.Белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алу мәселері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын  қарастырады және өңдейді.

3.5. Министрлікпен әкімгерленетін бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу бойынша тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің есептерін белгіленген тәртіпте ұйымдастырады.

3.6. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Министрліктің ведомствалық бөлімшелерге, Комитеттерге, мемлекеттік мекемелерге орындарында, есептер дайындау, әдістемелік көмек көрсетеді, қажет болған жағдайда аумақтық инспекцияларға барып практикалық көмек көрсетеді.

3.7. Жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алулар бойынша анықтамалар, ақпараттар дайындайды, талдау жүргізеді.

3.8. Белгіленген тәртіпте бақылауға келіп түскен құжаттарды орындайды.

3.9. Министрліктің шаруашылық бөлігі бойынша әрекетін үйлестіреді.

3.10. Залдарды кеңестер мен басқа да іс-шараларды өткізуге дайындайды, видеоконференциялар дайындауды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

  3.11. Қызметтік автомобильдермен көліктік қызмет көрсету қызметтерін орындау бойынша талдауды жүзеге асырады.

          3.12. Полиция бекетімен және рұқсатнама бюросымен келісім бойынша өткізу режимінің жұмысын жүзеге асырады.

3.13. Басқарманың құзырына кіретін басқа да тапсырмаларды орындайды.

3.14.Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.

3.15. Ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ішкі талаптарды сақтау және орындау.

3.16. Министрліктің ішкі тәртібінің ережесін сақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.01.2026 – 09.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20МВ

Сұхбаттасу күні

13.01.2026

Сұхбаттасу орны

город Астана, улица Мәңгілік Ел, дом 8, Дом министерств, 3 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

87172555969, 87752831026