Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы балық шаруашылығы, мониторинг және цифрландыру бөлімінің бас маманы, санаты C-O-5 (1 бірлік), ОРХМИЦ-3
Балық шаруашылығы комитеті
Жамбыл облысы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Биологиялық және сабақтас ғылымдар
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Балық шаруашылығы
- Ветеринария
- Ақпараттық жүйелер
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Білім: биология
Функционалды міндеттер
Өз құзыреті шегінде балық ресурстарын пайдалану, өсімін молайту жәнеқорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау, балық аулау жәнебалық шаруашылығын жүргізу ережелерін сақтау, жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығын жүргізуге арналған келісім шарттарын
орындауын сақтау, су қоймаларында балық ресурстары және басқа да су жануарларын қорғау үшін рейдтік шараларды ұйымдастыру және қатысу. Балық қорларын және басқа да су жануарларының кадастрының және мониторингіне мемлекеттік есеп жүргізу. Балық аулауды реттеу, су іркуіш
құрылыстарындағы балық қорының жағдайын ихтиологиялық бақылау, балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің төлқұжаттарын жүргізуді және су іркуіш құрылыстардың есебін жүргізу. Бақылау инспекциялық қызмет бойынша есептерді белгіленген тәртіпте дайындау
және ұсыну, балық шаруашылығы субъектілерін жарты жылдық тексеру жоспарын дайындау. Балық шаруашылығы саласындағы халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түскен өтініштерді дер кезінде тіркеу және тиісті мерзімде жауап беру. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын анықтау мақсатында балық шаруашылығы субъкектіліерінің қызметін тексеруді жүзеге асыру. Бақылау инспекциялық қызмет бойынша есептерді белгіленген тәртіпте дайындау. Инспекция мен Комитеттің бақылауындағы жоғарғы тұрған және басқа да мемлекеттік органдардан түсетін құжаттарды мерзімінде сапалы орындау. Инспекция басшысының және бөлім
басшысының аппараттық кеңес шешімдерін, іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру. Төтенше ақпарат түскен жағдайда жедел шара қолдану, басшылыққа баяндау. Инспекция атынан талапкер ретінде соттарға қатысу. Қызметтік мақсаттарда қызметтік қаруды дұрыс пайдаланылуға жауапты. Қаскөйліктің алдын-алу және осы бағыттағы жұмыстарды орындау. Су қоймаларындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау үшін рейдтік шараларды қатысу.Инспекция қызметі бойынша соттарда, қылмыстық қудалау органдарында белгіленген тәртіпте мүдделерді білдіру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыру, әкімшілік соттарға қатысу,
сондай-ақ қылмыстық істер бойынша сотқа қатысу. Балық шаруашылығы және аквамәдениет саласындағы мониторингтік, талдамалық және статистикалық есептерді қалыптастыру.
Цифрландыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Балық шаруашылығы мен аквамәдениетті цифрландыруды дамытуға жәрдемдесу. Инспекция қызметкері кадрлық және ұйымдастырушылық жұмыстарды
жүргізеді, статистикалық және талдамалық есептілікті әзірлеу мен ұсынуды қамтамасыз етеді, ұйымдастыру және кадр бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасайды, өңірлік даму жоспарлары мен өнімділік көрсеткіштерінің орындалуы туралы есептер дайындайды, ішкі оқыту мен тәжірибе алмасу арқылы мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға қатысады, сондай-ақ кадрлық саясат пен балық шаруашылығы саласында басқару сапасын арттыруға және стратегиялық міндеттерді тиімді орындауға бағытталған ұсыныстар енгізеді, балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту және тиімді
пайдалану бағытында жүргізілетін іс-шаралардың орындалуын үйлестіреді, су айдындарындағы жағдайды мониторингтеу және талдау жұмыстарына қатысады, сондай-ақ аквашаруашылық субъектілерінің қызметін дамыту мен қолдауға қатысты ұсыныстар әзірлейді.Инспекция қызметкері жануарлар дүниесі мен су биоресурстарын қорғау және пайдалану саласында мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді, уәкілетті органдармен бірлесіп, су айдындарының экологиялық жағдайы мен биоресурстардың жай-күйі туралы деректерді жинақтайды және талдайды, балық шаруашылығы
субъектілерінің қызметін цифрлық форматта есепке алу және бақылау жүйелерін енгізуге қатысады. Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен есептілікті автоматтандыру арқылы процестердің ашықтығын арттырады, деректердің дәлдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді және цифрландыру құралдарын тиімді пайдалану арқылы саладағы шешім қабылдау сапасын жақсартады.(Блок А, грейд 6).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
brimzhanova.sh@minagri.gov.kz
- 19.12.2025
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).
-
8 (7172) 79-58-68