Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Талдау мониторинг және цифрландыру басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік), УАМИЦ-1

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Балық шаруашылығы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий
  • Білім: информатика
  • Автоматтандырылған ақпарат өңдеу және басқару жүйелері
  • Жасанды интеллект

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және Басқармаға жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілікті жүзеге асырады;Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің,Үкіметінің, депутаттық сауалдардың, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Комитет төрағасының тапсырмаларының орындалуын бақылауды ұйымдастырады;салалық бағдарламаларды, Министрліктің Даму жоспарын және Министрліктің
операциялық жоспарын және Комитеттің жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады; мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген балық шаруашылығы және аквашаруашылық көрсеткіштерін есептеу әдістемесін әзірлеуді үйлестіреді;Комитеттің Даму жоспарын және Комитеттің жылдық жоспарын іске асыру бойынша мониторингтік есептерді қалыптастырады; Статистикалық жұмыстар жоспарын әзірлеуге қатысады;балық шаруашылығында және аквашаруашылықта статистиканы жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастырады;Орнықты даму мақсаттарының
міндеттері мен көрсеткіштерін енгізу және монитерингілеу бойынша жұмыстарға қатысады;Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жобалық басқару арқылы жобалар бойынша мониторинг әзірлейді, іске асырады және жүргізеді;жоспарлардың, бағдарламалардың және
тиімділік көрсеткіштерінің орындалуын бақылайды;Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша құжаттардың орындалуына мониторинг жүргізеді, әзірлейді және жүзеге асырады; Комитеттің нәтижелілігінің негізгі көрсеткіштеріне мониторинг және талдау жүргізеді; Комитет дамытатын салаланың ахуалы бойыншамониторингтік, талдамалық және статиститкалық есептерді қалыптастырады; заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттарды келіседі;балық шаруашылығы және аквашаруашылық саласында ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды құру, енгізу және дамыту мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады;цифрландыру мәселелері бойынша жаңа бастамаларды енгізу және дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізеді;цифрландыру және цифрлық даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық тәжірибені зерделеуді жүзеге асырады;цифрландыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді; балық шаруашылығы және аквашаруашылық саласының цифрлықт трансформациясын жүргізуді жүзеге асырады; балық шаруашылығы және аквашаруашылық саласында цифрландыруды дамытуға жәрдемдеседі; цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс топтарына, кеңесші органдарға және өзге де іс-шараларға қатысады;Қазақстан Республикасының шет елдермен және халықаралық ұйымдармен балық шаруашылығы және
аквашаруашылық саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді; халықаралық шарттар шеңберінде алынған міндеттемелердің іске асырылуы мен орындалуын үйлестіруді жүзеге асырады; Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ),
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бағдарламалар дамыту және экономикалық ынтымақтастық бойынша Неміс ұйымымен ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіреді;балық
шаруашылығы және аквашаруашылық мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделейді,
шет елдердің ең озық тәжірибелерін, практикаларын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді;балық шаруашылығы және аквашаруашылық саласында ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды құру, енгізу және дамыту мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады;Комитетте
және облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларында цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын үйлестіреді; цифрландыру және цифрландыруды дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық
тәжірибені зерделейді;цифрландыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді; балық шаруашылығы және аквашаруашылық саласында цифрландыруды дамытуға жәрдемдеседі; цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс топтарына, кеңесші органдарға және өзге де іс-шараларға қатысады; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылайды және мониторинг жүргізеді; Басқарманың мәселелері жөнінде орталық мемлекеттік органдар, Комитеттің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары және ведомстволық бағынысты ұйымдармен хат алмасу, олардың сұрауларына жауап
даярлауды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, қоғамдық және өзге де ұйымдарда өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің мүдделерін ұсынады; бекітілген сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау жөнінде шаралар қабылдайды; сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау, басқа мемлекеттік қызметшілердің тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілерінің жолын кеседі; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мемлекеттік қызметкерлердің этика
нормаларын, еңбек және орындаушылық тәртіптерді сақтайды;ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етеді; Комитетте мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсаттарға пайдаланады; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді жүзеге асырады;Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. (Блок А, грейд 6).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.12.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.12.2025 – 15.12.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

18.12.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 79-58-68