Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің Балық ресурстарының өсімін молайту және ғылыми қамтамасыз ету басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік, негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне уақытша, 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін) ), УВРРИНО -1

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Балық шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Функционалды міндеттер

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өсімін молайту саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;Министрліктің жобалық кеңсесі жетекшілік ететін барлық жобалардың уақтылы және сапалы іске асырылуын Басқарманың құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес «Петропавл балық питомнигі» РМҚК, «Қамыстыбас балық питомнигі» РМҚК, «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК және «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС жұмыстарын үйлестіреді және даму жоспарларының орындалуы бойынша мониторинг жүргізеді; Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және Басқармаға жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілікте болады;Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;балық ресурстарын және басқа да су жануарларын интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру өндірісіне рұқсат беру жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады және қатысады;балық
ресурстарын және басқа да су жануарларын өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады және оған қатысады; қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі
мемлекеттік органдармен бірлесіп мұнайдың төгілуін жою үшін сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуді, айқындауды және келісуді ұйымдастырады және оған қатысады;балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайтуды ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді жүзеге асырады;балық ресурстарын молайтуға мемлекеттік тапсырысты іске асыру бойынша ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың өндірістік қызметіне басшылықты қамтамасыз
етеді, балық өсіру нормативтерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың балық ресурстарын іздестіру-молайту қызметінің нәтижелері бойынша, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу
бойынша талдамалық материалдар дайындайды; бәсекелестік ортада балық шабақтарын өсіру саласында жұмыс істейтін субъектілердің қызметін зерделейді;балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және оларды мемлекеттік органдарда келісуге (тіркеуге) қатысады;балық ресурстары мен басқа да су жануарларының биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыруды
орындау қағидаларын әзірлейді;жабайы жануарлар (балық ресурстары және басқа да су жануарлары) тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидаларын әзірлейді; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің салалық бағдарламаларын, даму жоспарын
және Комитеттің жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады; Басқарма қызметінің саласына кіретін мәселелер бойынша Комитеттің бюджеттік өтінімдеріне негіздемелер дайындайды;
балық өсіру кәсіпорындарының өндірістік қызметін регламенттейтін әдістемелерді, нұсқаулықтарды, ұсынымдарды әзірлеуді ұйымдастырады; балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмайтын қоймайтын зиянды өтеу бөлігінде қоршаған ортаға әсерді
бағалау жөніндегі құжаттаманы қарастырады; балық ресурстарына келтірілетін, келтірілген және болмай қоймайтын зиянды өтеу бөлігінде шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық
құжаттаманы қарастырады; өндірістік базаны жаңғырту және материалдық техникалық қамтамасыз ету жөніндегі Комитеттің ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының ұсыныстарын қарайды, оларды ұзақ мерзімді даму бағдарламаларына және бюджеттік өтінімге енгізу жөнінде ұсыныстар
енгізеді; Басқарма қызметінің саласына кіретін мәселелер бойынша облысаралық
бассейндік балық шаруашылығы инспекциялар мен ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметін тексеруді жүзеге асырады; сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлерін өсімін молайту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;балық шаруашылығын дамыту мәселелері
бойынша халықаралық ұйымдар өткізетін семинарларға, оқыту бағдарламаларына, конференцияларға қатысады; Басқарма қызметінің саласына кіретін ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары бойынша ұсыныстарды қарайды;Басқарма қызметінің саласына кіретін тақырыптар
бойынша ғылыми ұйымдардың ұсынымдары мен ұсыныстарын, ғылыми зерттеу жұмыстарының есептерін, биологиялық негіздемесін қарайды; балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жөніндегі ғылыми ұйымдардың ұсынымдарын қарайды және олардың негізінде ғылыми ұсынымдарды іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; Комитеттің облысаралық бассейндік
балық шаруашылығы инспекцияларының ихтиологиялық бақылауларды жүзеге асыру жөніндегі
жоспарларының іске асырылуына әдістемелік басшылықты және бақылауды қамтамасыз етеді;
Басқарма қызметінің саласына кіретін ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары бойынша техникалық ерекшеліктерді әзірлеуді жүзегеасырады; жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін уақтылы қарау және олар бойынша жауаптар жобаларын ұсыну және оларды Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жібереді; Басқарманың құзыреті шегінде басшылықтың қатысуымен өтетін отырыстарға, кеңестерге материалдар дайындайды;жұмысты ұйымдастыру мақсатында өз құзыреті шегінде бұйрықтар әзірлейді және қабылдайды;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, өзге де орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Комитет төрағасының актілері мен тапсырмаларын тиімді және уақтылы орындайды; Қазақстан Республикасының мемлекеттік
органдарында, қоғамдық және өзге де ұйымдарда өз өкілеттіктерішең беріндеКомитеттің
мүдделерін ұсынады;бекітілгенсыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау жөнінде шаралар қабылдайды; сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтарды болдырмау, басқа мемлекеттік қызметшілердің тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілерінің жолын кеседі; Комитетте мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдаланады; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді жүзеге асырады;Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыруға міндетті. (Блок А, грейд 6).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.12.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.12.2025 – 15.12.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

17.12.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 79-58-68