Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаменті азық өндірісін дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Ветеринария
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Өсімдік шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және генетикасы

Қосымша талаптар

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: агрономия, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аграрлық техника және технология, ветеринария, мал шаруашылығындағы селекция, өсімдіктерді қорғау, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ветеринариялық қауіпсіздік.

Функционалды міндеттер

3.1.  Департамент қызметінің бағыттарына жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Аппарат Үкіметі қаулыларының және Министр бұйрықтарының жобаларын әзірлейді және келіседі.

3.2.  ҚР АӨК-ні тұжырымдамасы, ҚР АШМ жоспарлары және мал азығы өндірісі салаларындағы жобалар бойынша ұсыныстар әзірлейді және іске асырады.

3.3.  Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті жол берілетін нормаларын әзірлейді.

3.4. Жайылымдық инфрақұрылым объектелерін дамыту және реконструкциялау жоспарларын әзірлеу және жайылымдарды суару жөніндегі іс-шараларды жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді.

3.5. Мал азығы өндірісінің жол картасын (даму жоспарын) әзірлейді және құзыреті шегінде көзделген іс-шараларды іске асырады.

3.6. Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары аясында № 4, № 18  және № 1 жобалар паспорттарына қатысты жайылымдар мен ауыл шаруашылығы жерлерін қоршау (тапсалы тор) бөлігінде ұсыныстарды ұсынады.

3.7. Бағдарламалық-нысаналы ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды қаржыландыруаясында мал азығын өндіру саласы (соның ішінде жайылымдар) бойынша ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде қолданбалы ғылыми зерттеулерді қабылдап алуға қатысу.

3.8. Мал азығын өндіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізеді.

3.9. Жергілікті атқарушы органдардың мал азығын дайындау жұмыстарына мониторинг жүргізу.

3.10.  Ауыл шаруашылығы саласындағы табиғи төтенше жағдайдың салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларын әзірлеуге өз құзіреті шегінде қатысады.

3.11.  Кеңестер, Алқа және өзге де іс-шараларды өткізу үшін мал азығы өндірісі саласындағы даму мәселесі бойынша баяндамалар мен таныстыру материалдарын дайындауға қатысады.

3.12.  Халықаралық ұйымдармен, Еуразиялық экономикалық одақтың және Еуразиялық экономикалық кеңістіктің уәкілетті органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға қатысады, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде азық өндірісі саласындағы мәселелер бойынша регламенттер мен нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеуге қатысады.

3.13.  Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын түсіндірме жазбаларымен және оларға салыстырма кестелерімен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) оларды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібергенге дейін орналастыруды жүзеге асырады.

3.14.  Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Кәсіпкерлік Кодексінің 82-бабының 2-тармағында көзделген әзірленетін құжаттар мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты реттеушілік әсерге талдау жүргізеді.

3.15. Ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру жүйесін жетілдіру және енгізу мақсатында отандық және шетелдік тәжірибені зерделейді.

3.16.  Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады.

3.17.  Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты, Қазақстан Республикасы Парламенті, Мәжілісі, Мәслихат депутаттарының сауалдарына жауап дайындауды жүзеге асырады.

3.18.  Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Аппарат Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне өз құзыретіндегі мәселелер бойынша тапсырмаларына жауаптар дайындауды жүзеге асырады.

3.19.  Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың кіріс құжаттарды қарастырады.

3.20.  Министрге, Ауыл шаруашылығы Вице-министрлерге,  Департамент директорына, Департамент директорының орынбасарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Аппарат Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, оның құзыретіндегі мәселелер бойынша Министрліктің алқасына қажетті ақпараттық материалдарды дайындайды.

3.21.  Департамент директоры орынбасарының, Департамент директорының, Вице-министрлердің, Аппарат басшының және ауыл шаруашылығы Министрінің тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындауды ұйымдастырады.

3.22.  Ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде  ашық деректерді орналастыруды жүзеге асырады.

3.23.  Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.

3.24.  Басқарма құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.01.2026 – 09.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20МВ

Сұхбаттасу күні

13.01.2026

Сұхбаттасу орны

город Астана, улица Мәңгілік Ел, дом 8, Дом министерств, 3 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

87172555969, 87752831026