Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Ветеринария
  • Биотехнология
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Өсімдік шаруашылығы

Функционалды міндеттер

3.1. Басқарма қызметінің бағыттарына қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының жобалары мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және Министрдің бұйрықтарын әзірлеу және келісу бойынша ұсыныстар енгізу.

3.2. Озық халықаралық тәжірбиені ескере отырып, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласын мемлекеттік қолдау жөніндегі шараларды одан әрі жетілдіру.

3.3. Мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.

3.4. Стратегиялық құжаттарды, тұжырымдамаларды әзірлеу және мемлекеттік, салалық және секторалдық бағдарламаларды іске асыруды үйлестіру.

3.5. Басқарма қызметінің бағыттарына жататын мәселелер бойынша Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ынтымақтастық бойынша ұсыныстар енгізу.

3.6. Мониторинг, талдау, негізгі көрсеткіштерді болжау, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің тәжірибесін ескере отырып, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің жетекшілік ететін салаларын дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді.

3.7. Мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімдерінің жай-күйі мен даму мониторингі.

3.8. Отандық және әлемдік өндірісті, мал шаруашылығы өнімінің экспортын, импортын талдау.

3.9. Мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімдерінің түрлері бойынша өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижелерін талдау.

3.10. Мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды қолдауды көздейтін республикалық бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру.

3.11. Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.

3.12. Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау жөніндегі бюджеттік бағдарламаның мониторингі.

3.13. Ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативтерін келісу.

3.14. Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау, өңдеуші кәсіпорындар үшін айналымдық және негізгі құралдарға арналған кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын әзірлеуге қатысу.

3.15. Мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу.

3.16. Министрліктің мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі ғылыми-техникалық кеңесі мен алқа мәжілістерін және өзге де іс-шараларды өткізу үшін мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу мәселелері бойынша баяндамалар мен презентациялық материалдарды дайындауға қатысу.

3.17. Мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласындағы бизнес-жоспарларға, инвестициялық жобаларға қорытындылар, салалық сараптама және Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де қорытындылар дайындау.

3.18. Мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап дайындау.

3.19. Қажет болған жағдайда министрге, Ауыл шаруашылығы Вице-министрлеріне, департамент директорына, директордың орынбасарына, басқарма басшысына, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, Министрліктің алқасына Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат пен қажетті материалдарды дайындау.

3.20. Департамент директорының, Министрдің, Аппарат басшысының және ауыл шаруашылығы Вице-министрлерінің тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындауды ұйымдастыру.

3.21. Басшылық пен жоғары тұрған органдар үшін мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жиынтық ақпаратты дайындау.

3.22. Мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу бөлігінде басқа министрліктермен және ведомстволармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

3.23. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.

3.24. Департамент құзыретіне кіретін басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.12.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.12.2025 – 09.12.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20МВ

Сұхбаттасу күні

11.12.2025

Сұхбаттасу орны

Астана, улица Мәңгілік Ел, дом 8, Дом министерств, 3 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

87172555969, 87752831026