Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Персоналды дамыту департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тәртіптік іс жүргізу басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Қоғамдық қауіпсіздік
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
Функционалды міндеттер
- Басқарма басшысының және Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша негізгі міндеттерді орындайды;
- Министрлік жүйесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының және №4 ҮББ картасының уақытылы орындалуын жүзеге асырады;
- Министрліктің сайтын және «Битрикс» ақпараттық платформасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы материалдармен (оның ішінде № 4 ҮББ) толтырылуын бақылауды жүзеге асырады;
- Мемлекеттік қызметшілердің салық декларациясын тапсыруына бақылау жүргізеді;
- Министрліктің сайтында министрлік, комитеттер және бағынысты ұйымдар басшылығының декларациялары туралы мәліметтерін орналастыруды қамтамасыз етеді;
- ҚСАЕАК АЖ-нде сұрау салуды қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша тоқсан сайынғы есеп жүргізу;
- Басқарманың құжаттарын Министрліктің мұрағатына дайындауды және тапсыруды жүзеге асырады;
- Басқарманың жұмысына қатысты құжаттарды дайындайды, іс жүргізуді жедел әрі дұрыс жүргізуді қамтамасыз етеді;
- Басқарманың құзыретіне қатысты құжаттарды, тапсырмаларды және басшылардың тарсырмаларын уақтылы әрі сапалы орындайды;
- Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының өтініштерімен жұмыс атқарады;
- Министрліктің Тәртіптік комиссиясының шешімдерін уақытылы рәсімдейді және Тәртіптік комиссияның жұмысы бойынша тоқсан сайын есеп дайындайды;
- Тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықтар мен ұсыныстарды уақтылы дайындауды жүзеге асырады;
- ҚСАЕАК АЖ-нде сұрау қалыптастыру арқылы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша тоқсан сайын есеп жүргізеді және материалдарды Тәртіптік комиссияда қарастырады;
- Ішкі еңбек тәртібі ережелерінің талаптарын сақтайды;
- Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді сақтайды;
- Басқарманың құзыретіне кіретін басшылықтың басқа да тапсырмаларын жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Жарияланған күні: 01.12.2025
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
02.12.2025 – 04.12.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады
kadry.msh@minagri.gov.kz
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20МВ
- 08.12.2025
- город Астана, улица Мәңгілік Ел, дом 8, Дом министерств, 3 подъезд
-
87172555969, 87752831026