Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржылық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті орынбасары, C-2 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
611721
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Бухгалтерлік есеп және аудит
- Қаржы және кредит
- Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау
- Бухгалтерлік есеп
Функционалды міндеттер
Бақылау жүргізеді және үйлестіреді:
1) Министрліктің бюджеттік сұраным жинағын қалыптастыруды;
2) Департаменттің жылдық жоспарын әзірлеу мен мониторингтеуді;
3) Министрліктің орталық аппараты бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыруды;
4) Министрліктің орталық аппараты бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеуді;
5) Министрліктің шаруашылық бөлігі бойынша қызметін ұйымдастыру және бақылауды.
3.2. Бюджет заңнамасының нормаларын қолдану мәселелері бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді.
3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бюджеттік қаражаттардың қамтамасыз етілуіне және бюджеттік заңнама нормаларына сәйкестігін келіседі.
3.4. Тиісті жылға арналған республикалық бюджетті іске асыру шеңберінде дайындалатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды.
3.5. Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
3.6. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.
3.7. Ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ішкі талаптарды сақтау және орындау.
3.8. Министрліктің ішкі тәртібінің ережесін сақтау.
3.9. Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadry.msh@minagri.gov.kz
- город Астана, улица Мәңгілік Ел, дом 8, Дом министерств, 3 подъезд
-
87172555969, 87752831026