Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, 1 бірлік, № Р-5.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Атырау облысы
688752
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, E-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Функционалды міндеттер
Инспекцияның қызметіне жалпы басшылықты жүргізеді және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап береді; реттелетін саладағы мемлекеттің аграрлық саясатын, стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік, ғылыми-техникалық және өзге де бағдарламалар мен жобаларды іске асырады; өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырады; зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитарлық мониторингті ұйымдастырады, фитосанитарлық іс-шараларды, фитосанитарлық есепке алу жүргізуді ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес өсімдіктерді қорғау және карантин, астық нарығын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізеді; өсімдіктер карантині саласында жасалған келісімдерге сәйкес халықаралық нормалардың және талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді; Республика аумағын карантин аймағынан немесе шет елдерден карантиндік объектілердің енуінен немесе өз бетімен кіруінен қорғауды ұйымдастырады; карантиндік объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою және карантинге жатқызылған өнiмдi зарарсыздандыру жөнiндегi iс-шаралардың жүргiзiлуiн ұйымдастырады; фитосанитариялық есепті жүргізеді және ұйымдастырады; Инспекцияның құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының, Комитеттің аудандық (қалалық) аумақтық инспекция (бөлімшелер) басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды; Инспекция басшысының орынбасарынан басқа облыстық және аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады; Инспекция басшысының орынбасарынан басқа облыстық және аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелейді және оларға тәртiптiк жаза қолданады; бұйрықтарға қол қояды; Инспекцияның құрылымдық бөлiмшелерi, аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялар туралы ережелерді бекітеді; Комитеттің келісімі бойынша өсiмдiктер карантині жөнiндегi фитосанитарлық бақылау бекеттердің тізбесін және олардың орналасқан жерлерін айқындайды, өсімдіктер карантині жөніндегі фитосанитариялық бақылау бекеттер туралы ережелерді бекітеді; заңнамада белгіленген тәртіппен іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемеақы белгілеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді; өз құзыреті шегінде Инспекциядағы сыбайлас жемқорлық іс- әрекетіне қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауап береді; жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржының игерілмегені, мақсатсыз және ұтымсыз пайдаланғаны үшін жауап береді.
Функционалды блок - А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
isabekova.k@minagri.gov.kz
- 18.11.2025
- Астана қаласы Мәңгілік Ел 8, 3 кіреберіс
-
87027203572